Түркістан облысында заңсыз арқар атқандар анықталды

Қаратау орманшылығының № 4 айналымында тоғыз броконер құрықталды.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Табиғат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рейдтік іс-шара барысында Қаратау орманшылығының № 4 айналымында заңсыз аңшылықпен айналысып, арқар жануарын атқан тоғыз броконер құрықталды.

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің инспекторлары белгісіз автокөлік жүргенін анықтаған. Тексеру барысында арқар еті табылған. Табылған арқар еті сараптамаға жіберілетін болады.

Сонымен қатар, аталған дерек бойынша қозғалған істің құжаттары полиция бөліміне жіберілді. Сауран аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 337-бабы 1 бөлігімен №235170031000264 қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жүктелуде...