Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Орталық Азияда алғашқы GE HealthCare Academy Астанада ашылды

Елордада Астана медицина университетінде Орталық Азиядағы алғашқы GE HealthCare Academy оқу орталығы ашылды

Орталық Азияда алғашқы GE HealthCare Academy Астанада ашылды

Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен GE HealthCare компаниясы қол қойған Негіздемелік келісімнің нәтижесі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Оқу орталығы денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, Қазақстанда жергілікті сараптаманы дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту мақсатында құрылған. Бұл компанияның ең үздікәлемдік тәжірибесін пайдалана отырып, диагностика дәрігерлерін оқытуға арналған сараптамалық алаң болады.

Жаңа оқу орталығы арқылы дәрігерлер медицина ғылымы мен практикасының жаңа жетістіктері туралы уақтылы ақпарат алып, өздерінің кәсіби даярлық деңгейін ұдайы жетілдіре алады. Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Камалжан Надыров өз сөзінде атап өткендей, мұндай бағдарламалар Қазақстанда үздіксіз медициналық білім беру тұжырымдамасын қолдауға және дамытуға ықпал етеді, осылайша еліміздегі сәулелік диагностика саласының білікті мамандарына артып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Университет жыл сайын жүзге жуық рентгенолог-резидент дайындап шығарады және 150 дәрігер оқытады.

Жаңа оқу орталығының Астана медицина университетінің базасында ашылуы есте қаларлық оқиға. Университеттің көп жылдық тәжірибесі бар, профессорларымыз Қазақстанның радиологиялық қоғамын басқарады және еліміздің барлық өңірлерінен сарапшыларды оқытады. Биылғы жылы біздің университетте Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі алғашқы радиология ғылыми-зерттеу институты ашылып, оған академик Ж. Хамзабаевтың есімі берілді. Институт қызметінің негізгі бағыттары – радиология және ядролық медицина саласындағы ғылыми зерттеулермен қатар резидентура бағдарламаларын іске асыру және рентгенолог мамандардың біліктілігін арттыру.

Мұның бәрі оқытушы-профессорлар құрамы алдын ала жүргізген жұмыстың және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында мүмкін болды.  Қазіргі уақытта университет 70-тен астам белсенді меморандумдар жасасты. Биылдың өзінде біз елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған түрлі мәселелер бойынша жетекші халықаралық және қазақстандық кәсіби қауымдастықтардың қатысуымен 35-тен астам халықаралық форумдар, конференциялар, конгрестер, съездер өткіздік - деді өзінің құттықтау сөзінде Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Камалжан Надыров.

GE Healthcare Academy оқу бағдарламасы, ең алдымен, жоғары технологиялық медициналық жабдықты тиімді және қауіпсіз пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және еліміздегі клиницист дәрігерлердің өзекті қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Оған медициналық бейнелеудің әртүрлі бағыттары бойынша мамандандырылған курстар кіреді, сонымен қатар пациенттерге медициналық қызмет көрсету сапасын және олардың қанағаттанушылығын арттыруға бағытталған оқыту мастер-кластары өткізіледі.

Оқу орталығының базасында радиология саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмысқа GE Healthcare сарапшы дәрігерлері белсене қатысатын болады. Дәріс материалы практикалық сабақтармен нығайтылады, дәрігерлерге компания үнемі өткізетін түрлі вебинарларға қосылудың бірегей мүмкіндігі беріледі.

Өз кезегінде, Ресейдегі/ТМД-дағы GE HealthCare президенті және атқарушы директоры Елена Легезина өзінің құттықтау сөзінде компания Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мамандары үшін білім беру жобалары мен бағдарламаларын қалыптастыруға және дамытуға өз үлесін қосу мүмкіндігімен мақтанатынын атап өтті. GE HealthCare Academy – дәрігерлерді кешенді оқытуға арналған заманауи алаң, диагностиканың жаңа технологиялары мен әдістері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге көмектеседі, – деп мәлімдеді Елена Легезина.

GE HealthCare озық медициналық жабдықтарды, диагностикаға арналған фармацевтикалық препараттарды, сондай-ақ интеграцияланған цифрлық шешімдерді, деректерді талдау қызметтері мен жүйелерін әзірлейтін әлемдік жетекші өндірушілердің бірі болып табылады. 100 жылдан астам уақыт бойы GE Healthcare технологиялары GE Healthcare үздіксіз оқыту бағдарламасын әзірлеу арқылы дәрігерлер мен медициналық мекемелердің тиімділігін арттыруға, нақты диагноздар қоюға және оңтайлы емдеу әдістерін таңдауға және соның нәтижесі ретінде пациенттердің денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етті.

GE HealthCare компаниясы GE Healthcare Academy оқу орталығын премиум класқа жататынультрадыбыстық аппаратпен жабдықтады. Орталықтың ашылуы барысында оның жұмысы көрсетілді.

GE HealthCare Academy оқу орталығының ашылу салтанатына: 

- ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният,

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Зебешев Ардақ Темірханұлы,

- АҚШ-тың ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм,

- Ресейдегі/ТМД-дағы GE HealthCare президенті және атқарушы директоры Елена Легезина,

- GE Healthcare компаниясының Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы клиникалық оқыту жөніндегі директоры Жеффруа Саконней,

- «Астана медицина университеті» КеАҚ Ректоры Камалжан Талғатұлы Надыров қатысты.

Орталықтың ашылуына елорданың медициналық мекемелерінің басшылары, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностика саласының маман-дәрігерлері қатысты.