Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қалай іске асып жатыр?

Өздеріңізге белгілі, шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – еліміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі.

Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қалай іске асып жатыр?
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы ретте, ауданда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам меленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Былтыр ауданда Абдурахманова Мафтуна есімді азаматша комиссия шешімімен мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алды. Бүгінде кәсіпкердің «Еркін сөйле» атты логопед орталығы бар. Онда қазір 100-ден аса тілінен кемістігі бар балалар емделуде. Жалпы күні бүгінге дейін орталық 2000-нан аса бүлдіршінді қабылдаған. Қазір мекемеде 8 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер логопед курсы бойынша тәжірибесімен бөлісуде.

Айта кетейік, грант алған азаматтарға Орталық тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, кәсіпкер қаражат алған күннен бастап 3 ай мерзімі ішінде өз кәсібінің қызметін салық органдарына тіркеп, грант қаражаттын мақсатты пайдаланғанын растау үшін «Business.enbek.kz» интернет порталына арқылы алған заттарына шот-фактуралар мен қажетті құжаттарды өткізу қажет. Оған қоса, грант алған күннен бастап 12 ай ішінде аудандық Мансап орталығына қаржылай қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық есептерді ұсынулары тиіс.

Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының қаржы операторы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды мынадай жолдармен жүзеге асырады:

  1. шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру;
  2. кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру;
  3. купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаттарына негізделеді.
  4. кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін және тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау;
  5. әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау.