Құлаққапқа жүгірді: Ақордада қазақша сөйлеген Тоқаев ресейліктерді шок қылды

Желіде Тоқаетвтың Путинмен кездесуі қызу талқыға түсті

Фото: Ақорда.кз

Желіде Ақордадағы Тоқаев пен Путиннің кездесуі қызу талқылануда,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде қазақ тілінде сөйледі. Ресей Федерациясының делегациясы құлаққап көмегіне жүгінді. Ресейлік саясаттанушы Аркадий Дубнов бұл оқиға туралы пікір жариялады.

"Путиннің және оның делегациясының мүшелерін Қазақстан Президентінің қазақша сөйлегені састырып тастағанын осы видеодан байқауға болады. Делегация мүшелері бірден ол жерде кездейсоқ тұрмаған құлаққаптарды қолдануға бірден тырысты."

Саясаттанушы мұны жоғары бағалауға қиын әрекет деп атады. "Бұл Қазақстан президенті ТМД-елдерінде орыс тілін оқыту ұйымын құруға бастмашы болса да, Қазақстанның дербес тіл саясаты қазақ тілімен байланысты екенін түсіндіреді. Яғни, Қазақстанда орыс тіліне құрметпен қараса да, қазақ тілін дамыту, қолдану басты мәселе болып қалмақ."

Жүктелуде...