Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірген көрінеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kozachkov offside telegram арнасына сілтеме жасап.
Елордадағы Bau мейрамханасындағы Гастроцентрде 1992 жылы туған әйел жедел-жәрдем келгенше қайтыс болған. Полиция ұсталған адамның аты-жөнін атамады. Алайда оқиғаны растады.
1992 жылы туған Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қамауға алынғанға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған. 2017 жылдың 10 қаңтарында Бишімбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды.
2018 жылы 14 наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал, 2019 жылы 25 қыркүйекте бұрынғы шенеунік бостандыққа шықты. Шымкент қаласының Абай аудандық соты оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Қуандық Бишімбаевтың әйелі 1992 жылы туған әйелі Нүкенова Салтанат. Бұл бұрынғы министрдің екінші әйелі.