Астанада 8 минуттық оқу жобасы енеді

Елордада жаңа оқу жобасы енбек

Фото: egemen qazaqstan

Астана қаласының Білім басқармасының басшысы - Қасымхан Сенғазыев елордада жаңа оқу жүйесін енгізбек. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.


"Бүгін білім беру ұйымдарының басшыларымен кезекті аппараттық жиналыс өткіздім. 

Жиын барысында ІІ тоқсан басталуына байланысты оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы дайындық шаралары, оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нұсқаулық беру сынды мәселелер көтерілді. Қазіргі уақытта бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтуде. Осы мәселе бойынша да сұрақтар көтеріліп, талқыланды",- деді Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ, ол Астана қаласы Білім басқармасының күнделікті күн тәртібінде тұрған міндеті - білім сапасын көтеру екенін айтты.

 

"Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асырылуын жалғастыру аясында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында «8 минуттық оқу» жобасын енгіземіз. Тиісінше, соған орай білім беру ұйымдарының басшыларымен  жобаның жүзеге асырылуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- деді ол.


Бұдан өзге, Білім басқармасының басшысы "Баршаға қолжетімді сапалы білім" ұлттық жобасын орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр дейді.

"Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобасының орындалуы бойынша да тапсырмалар бердім. Жиналыста көтерілген тағы бір жаңалық барлық білім беру ұйымдарында ардагерлер кеңесін құру.  Бұл кеңесті ардагер педагогтер мектептің рухани дамуына септігін тигізеді деген оймен бастаған болатынбыз.  Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі екені анық. Ардагерлердің айтқан ақылдары мен ізгілікті істері мектеп өмірінде көрініс тауып, өз пайдасын тигізеді деген ойдамыз.  Бір сағаттан аса созылған аппараттық жиналыс барысында бірқатар ұсыныстар айтылып, бірім беру ұйымдарының басшыларына тапсырмалар берілді."- деді Қасымхан Сенғазыев.

 

Жүктелуде...