Талдықорғандадағы жергілікті азаматшаның айтуынша, оған бұрынғы жігіті шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Press.kz-ке сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға 27 қазанда болды. Бойжеткеннің бұрынғы жігіті қыздың тамағын кесіп, содан кейін ол реанимацияға түскен. Күдікті бір күн бойы жасырынып жүріп, содан кейін оны тауып, темірторға отырғызған. Ол екі күн отырып, одан кейін оны босатып, ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "бұзақылық" бойынша іс ашқан.
"Ол менің тамағымнан кесіп, өлтіргісі келді! Мені ұрып-соғып, кесуге ұмтылды. Мен оған қарсыласуға тырыстым, бірақ, әлім жетпеді, бәрібір кесіп тастады! Мен одан балаларым үшін мені өлтірмеуін өтіндім. Шамасы, бұл сөздер оны сабасына азда болсын түсірді. Ол менің мойнымнан бірнеше рет тілімдеп, сыртқа жүгіріп шығып кетті. Бірақ, Талдықорған полицейлері мені тыңдағысы келмейді, оның бұзақылық жасағанын айтып, кеңсе пышағы суық қаруға жатпайды деп істі қарамады. Оны түрмеге жіберу үшін мен не өлуім керек пе еді?" - деді жәбірленуші.
ІІБ, қыздың анасының айтуынша, жәбірленушінің өзі жігітті ашуландырған деп мәлімдеме жасап, оны ұстауға негіз жоқ болғасын босатқан.
"Талдықорғандық жігіт қызды өлтірмек болды, оның мойнын кесіп, қолдары мен алақандарын кесті, жәбірленушіні жақтағандарды ұрды, бірақ полицияда неге бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды? - журналист Сандуғаш Дүйсенова сұрақ қояды."
Бүгін ғана, әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарынан кейін, тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталғаны туралы мәлімдеді.
"-ол полицияға жеткізілді. Іс прокурор шешімімен бекітіліп, "кісі өлтіруге оқталу" ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінің, 99-бөлігінің 2-бөлімімен кері қаралды. ",- деді полиция департаменті қызметкерлері.