Не үшін Астанада блокбеттер қойылуда?

Елордада полиция бақылауы күшейтіліп, блокбеттер қойылуда

Фото: tengrinews.kz

Елорда тәртіп сақшылары күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, қала периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылуда, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Полиция мәліметінше, Астанада тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында шет мемлекеттер басшылары қатысатын қоғамдық-саяси іс-шараларға байланысты полиция қызметі күшейтілген нұсқасға ауысты.

"31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...