Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Костенко шахтасынан соңғы 46-шы кеншінің денесі табылды

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 30 қазан күні таңертең табылды

Костенко шахтасынан соңғы 46-шы кеншінің денесі табылды
фото: korrespondent.net

Марқұм 46-шы кеншінің денесі 30 қазан күні таңертең табылды.  Бұл туралы журналист Айнұр Балакешова марқұм кенші Сергей Киселевтің туыстарына сілтеме жасап хабарлады. Сергей Киселев Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан кеншілердің соңғысы болды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

«Соңғы болып біздің әкеміз табылды, ол 35 жылдан астам шахтер болып жұмыс істеген еді», – дейді Сергей Киселевтің балалары.

Мәйіті табылмаған соңғы кеншіні іздеу түні бойы жалғасты. 

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істейді.

28 қазанға қараған түні Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, өрт басталған. Апат кезінде жер астында 252 кенші болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғаны сыртқа шыға алмай қалған.