Мессидің Армениямен қандай байланысы бар?

Лео Мессидің Армениямен байланысы бар екені белгілі болды

Фото: sports.ru

2022 жылы Лео Месси өзінің жекеменшік “play time” атты инвестициялық компаниясын құрған көрінеді. Bloomberg мәліметтері бойынша, АҚШ-та орналасқан бұл компания спортқа, технологияға және медиаға инвестиция салу үшін құрылған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы sports.ru-ға сілтеме жасап.

Лео жаңа бизнесін Армян кәсіпкері Размиг Овагимянға сеніп тапсырған көрінеді.

Овагимян Каирде армян отбасында дүниеге келген. 16 жасында Лос-Анджелеске көшіп, Берклидегі Калифорния университетінде саяси экономика және іскери әкімшілік мамандығы бойынша оқыған.

Овагимян-Viki халықаралық онлайн сайтының негізін қалаушысы, бас директоры. Сонымен қатар, жаһандық контент жөніндегі аға атқарушы директор, жапондық Rakuten электрондық коммерция компаниясының директорлар кеңесінің бақылаушысы қызметін атқарады. Сондай-ақ, "Барселонаның"негізгі демеушілерінің бірі.

Жүктелуде...