weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 қазан, 2023 / Абдулла Жансауле / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресей Қазақстанды қорғауға дайын екен

Ресей елшілігі Қазақстанды ұлттық мерекемен құттықтады

Ресей Қазақстанды қорғауға дайын екен
gazeta.ru

 

Құрметті қазақстандық достар, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - деген хабарлама  жариялады Ресейдің Қазақстандағы Елшілігі өзінің телеграм арнасында,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы сілтеме жасаған rfembassykz

“Ресей үшін Қазақстан тек көрші мемлекет және сауда-экономикалық алмасуларға қатысушы ғана емес. Бұл сенімді одақтас және интеграциялық серіктес. Ресей оның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайтын және қажет болғанда қорғауға көмектесуге дайын” - деп жазылған.

“Қазақстан мемлекетінің сенімді үдемелі дамуын, экономикалық көрсеткіштерінің өсуін, сыртқы саяси саладағы және басқа да көптеген салалардағы табыстарын байқау қатты қуантады. Бұл біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігінің ортақ мүдделеріне сай келеді және кеңірек айтқанда - өңір мен Еуразиялық кеңістіктің тұрақтылығына аса маңызды үлес қосады” - делінген аталмыш жазбада.

Біз Қазақстандықтардың өз Отанын қалай шын жүректен бағалайтынын, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың курсына сәйкес жаңа Қазақстанның құрылысын қандай мақсаткерлікпен қабылдағанын білеміз - деген хабарлама қазақ тілінде жазылған. Бірақ елшіліктің ресми сайтында қазақ тілі жоқ екенін, тек ағылшын мен орыс тілі бар екенін байқауға болады.

Бауырлас Қазақстан халқына өркендеу, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз! - деген тілекпен аталмыш құттықтау қорытындыланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→