Сұмдық! 40 миллион теңге ұрлаған қарақшы ұсталды

Алматы облысында полицейлер қарулы қарақшыларды құрықтады

фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы polisia.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, 8 қазан күні Жамбыл ауданында үш адамнан тұратын қарулы адамдар Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 млн теңге қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлаған.

Алматы облысы полиция департаментінде арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде үш күдіктіні ұстады.

- Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.

Жүктелуде...