weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Италияда қарулы топ инкассатор көлігін жарып, ірі тонау жасады

Италияның оңтүстігінде қарулы қылмыстық топ тас жолда ұйымдасқан шабуыл жасап, инкассатор фургонын жарып жіберді.

Италияда қарулы топ инкассатор көлігін жарып, ірі тонау жасады

Wanted in Rome журналының мәліметінше, шамамен он шақты қарулы адам автомат пен мылтық асынып, брондалған көлікке шабуыл жасаған. Қылмыскерлер өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, фургонды жарқылдақ шамы бар көлікпен «ілестіріп» отырған.

Кейін олар жүк көлігімен жолды бөгеп, оны өртеп жіберіп, басқа көліктер мен полицияның жақындауына мүмкіндік бермейтін отты бөгет жасаған. Осыдан соң әскери үлгідегі жарылғыш зат қолданып, фургон есігін жарып ашқан.

Оқиға орнына әскери полиция жетіп, қарулы қақтығыс болды. Екі күдікті ұсталды, қалғандары жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілердің көліктерін тартып алып, қашып кеткен.

Қазір полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Тергеушілер бұл қылмыс әскери тәжірибесі бар адамдар тарапынан мұқият жоспарланған деп болжайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→