Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

“Яндекс” такси жүргізушілері мен курьерлері енді мемлекетке салық төлейді

“Яндекс” такси жүргізушілері мен курьерлері заңды түрде жұмыс істеп, салық төлейді.

“Яндекс” такси жүргізушілері мен курьерлері енді мемлекетке салық төлейді

“Яндекс” такси жүргізушілері мен курьерлері заңды түрде жұмыс істеп, салық төлейтінін  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты. Бұл жөнінде newsroom.kz портал хабарлайды  stan.kz сілтеме жасап. Бұл жүйе тек “Яндекс” қосымшасына қатысты емес, басқа да цифрлық платформаларға таралады. 

Светлана Жақыпова: 

“4 пайыздық салық белгіленді. Өйткені қазіргі уақытта бұл платформада жұмыс істейтін азаматтардың табысының 4%-ы ұсталып қойған. Сондықтан біз бұл соманы қалдырдық. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай жұмысшылар кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Дегенмен платформа арқылы жұмыс істейтін адамдардың басқа жұмыс орындары да бар. Сондықтан пилоттық жоба үшін басқа салық режимін бекіту керек".