Польшадағы азаматтық соғыс: басқа мемлекеттерге қандай қаупі бар?

Польшаның бұрынғы президенті Валенса елдегі азаматтық соғыс қаупі туралы айтты.

Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса парламенттік сайлауға байланысты азаматтық соғыс болу қаупі бар екенін мәлімдеді. 

"Жағдай күрделі. Мен Польшадағы азаматтық соғыс қаупін жоққа шығармаймын. Ереуілге шығатын адамдар саны артып, қару қолданады деп қорқамын", - деп ескертті ол.

 

Экс-президенттің айтуынша, мұндай бүлік тек Польшаға ғана емес, басқа да мемлекеттерге теріс әсерін тигізбек.  Еске салсақ, Республикадағы парламент сайлауы 15 қазанда өтеді деп жоспарланған. 2015 жылдан бері жетекші орынға ие болған биліктегі “PiS” партиясы үшін басты қарсылас – Еуропалық кеңестің бұрынғы төрағасы Дональд Туск басқаратын “Азаматтық коалиция”. 

Жүктелуде...