1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық жарыста 25 жастағы Камила Селье бұрылыста тепе-теңдігін жоғалтып, құлай бастаған. Сол сәтте инерциямен келе жатқан америкалық спортшы Кристен Сантос-Грисвольдтың конькиінің жүзі оның көз маңына тиіп кеткен.
Спортшы бірден есінен танып қалған. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетіліп, жарасына тігіс салынды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді. Диагноз бойынша көз айналасында қатты ісік, бетінде кесік және көз ұясының астындағы сүйек зақымданған.
Дегенмен ең ауыр қауіптің алды алынған — көз алмасы зақымданбаған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, спортшының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Оқиғадан кейін жарысқа қатысқан екі спортшы да айып ұпайын алып, жартылай финалға өте алмады.