Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Масканы тағы киеміз бе?

Осы жылы ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты.

Масканы тағы киеміз бе?

Астанада өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауырғандар көп екенін мәлімдеді  Астана қаласы ДСЭК басшысының орынбасары Жанна Пралиева. Осы жылғы эпидемиялық маусымда ауру көрсеткіші 44% жоғары болып шықты. Респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде, яғни әдеттегідей жылдың 40-аптасынан басталды.

"Маусымның бірінші аптасында Астана тұрғындары арасында респираторлық вирустық инфекцияның 12 876 жағдайы белгілі болды. Өткен эпидемиялық маусымның осы кезеңінде 7 146 жағдай тіркелген. 100 мың халыққа шаққандағы қарқынды көрсеткіштерді салыстырған кезде, биылғы маусымда өткен жылға қарағанда 1,8 есе немесе 44%-ға жоғары», - деді Пралиева.