11 қазанда өткен Парламент Мәжілісінде депутат Жұлдыз Сүлейменова «мектептегі асхана» мәселесін көтерді. Сондай-ақ 800 мектепте асхана жоқ екенін айтты.
«Бүгінгі таңда 1,5 миллион баламыз азық-түлікпен қамтамасыз етілген, бірақ қазір сайлаушылар тарапынан бұл мәселеге қатысты сын көп... Бүгінгі таңда 800 мектепте асхана мүлдем жоқ. Бұл бізге берілген ақпарат. Мәселе мынада: тамақ сапасын кім қадағалайды? Төтенше жағдай болса, кім жауап береді? Мектептерде асхана салу жоспарда бар ма? Қазір білесіздер, бізде баға әртүрлі, үлкен айырмашылық бар. Сіз бұл мәселені шешу үшін не істеп жатырсыз?» - деді депутат Ж.Сүлейменова.
Сұраққа жауап ретінде Білім министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылға дейін 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтандырылғанын айтты.
«Бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің сапасын арттыру мәселесі бойынша бұйрық қабылданып үлгерді.Бұл бұйрыққа өзгертулер енгізілді.Екі бұйрықта көрсетілген барлық талаптарды орындау мақсатында қазір мониторинг жүргізіліп, тиісті шаралар орындалуда. Тексерулер жүргізілуде.Нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.Біздің мәлімет бойынша 591 мектепте асхана жоқ. Алайда,балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында шаралар ұйымдастырылуды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына тиісті нормалар енгізілген. Осы бойынша шаралар жүзеге асырылуда» - деді министр өз жауабында.