Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматы облысында жер сілкінді

Алматыдан 249 км қашықтықтағы жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматы облысында жер сілкінді
фото: tengrinews.kz

Бұл туралы newsroom.kz парақшасы хабарлайды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 11:27-де Алматы облысында жер сілкінісі тіркелгенін жеткізді.

"Эпицентр Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 249 километр жерде орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,0, магнитудасы - MPV - 4,3" ,- делінген хабарламада.