Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Масқара! Алдап 50 миллион теңге алған

Шымкент полициясы күдіктілердің суретін жариялады

Масқара! Алдап 50 миллион теңге алған
Фото: tengrinews.kz

Шымкент полициясы кибераферистерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 
 

"Олар қала тұрғындарын 50 миллион теңгеге алдаған Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық. Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды.

Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен", - делінген хабарламада.

Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, сатып алушыға қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған.