Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанға Эрис келді: тәжтажалдың жаңа штаммы шығыпты

Соңғы генетикалық зерттеулер Қазақстанда жаңадан вирус анықталғанын көрсетті.

Қазақстанға Эрис келді: тәжтажалдың жаңа штаммы шығыпты
Shutterstock

Қазақстанда "Омикронның” тағы бір түрі болып табылатын "Эрис" коронавирусының жаңа штаммын жұқтыру жағдайлары тіркелген, деп newsroom.kz порталы хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, соңғы генетикалық зерттеулер Қазақстанда "Эрис" штаммы анықталғанын көрсетті.

"Егер өткен айда бізде бұл вирустың түрі жоқ деп айтсақ, қазір талдау нәтижелері көріп отырғанымыздай", - деді Ажар Ғиният.

Министр "Омикрон" және оның басқа түрлерімен сырқаттанушылық жеңіл немесе орташа түрде жүретінін айтты. Бүгінгі таңда ауруханаларда COVID-19 диагнозы қойылған 35 адам бар.

Тамыз айында, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетовадан, егер елде "Эрис" коронавирусының жаңа штаммы табылса, қазақстандықтарға карантиндік шектеулердің қайтарылуын күту керек пе деген сұрақ қойылған болатын. Сол кезде санитарлық дәрігер Қазақстанда жаңа штамм әлі анықталған жоқ деп жауап берді.