Алматы облысы Балқаш ауданында ер адам 9 ай бойы екі бүлдіршін қызды зорлап келген,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі, ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жантүршігерлік жағдай туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты. Мәлімдеме бойынша, 1982 жылғы ер адам 3 және 2 жастағы қыздардың анасымен әжесімен бір үйді жалдап тұрған.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, күдікті қыздарды қаңтар айынан бері зорлап келген. Түзелем деп уәде берген қаскөйдің сөзіне сенген бүлдіршіндердің анасы мен әжесі болған оқиға туралы ешкімге тіс жармаған.
Тұрғындардың айтуынша, қазір балаларды ауруханаға жатқызып, ота жасаған. Қазір күдіктіге қарсы іс қозғалып жатыр.