weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
17 тамыз, 2026 / Жасмина Нурлан / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мадинаның жаназасы өтті: құрбысына айтылған айыптарға жауап (ВИДЕО)

Меркіде қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның жаназасы бүгін өтті. Жаназаға қатысқан Threads қолданушысы әлеуметтік желіде марқұмның құрбысын қаралап жатқан адамдарға жауап беріп, қыздың қайғылы жағдайдан кейін Мадинаның анасына қолдау көрсетіп, отбасының жанынан табылғанын жазды.

Мадинаның жаназасы өтті: құрбысына айтылған айыптарға жауап (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Мадинаның өлімі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Threads-те оның құрбысына қатысты түрлі пікірлер айтылып, кей қолданушылар қызды айыптаған.

Алайда бүгін Мадинаның жаназасында болған әйел бұл пікірлерге қатысты өз көргенін бөлісті. Ол журналист ретінде емес, бұл жолы жеке тұлға ретінде жазып отырғанын атап өткен.

Оның айтуынша, Мадинаның құрбысы жаназа кезінде жан-жаққа жүгіріп, қажетті ақпаратты таратып, қайтыс болған қыздың анасына қолдау көрсетіп жүрген.

«Тредста құрбысын қаралап жатқандар бар. Бірақ ол қыз сияқты шырылдап тұрған адам жоқ💔. Жүгіріп көмектесіп, жан-жақты ақпарат таратып жүр. Құрбысының анасына қолдау білдіріп, жанында тұрды», — деп жазды ол.

Автор Мадинаның анасының қайғысын да ерекше атап өткен.

«Анасының боталап жылағаны бір бөлек😭. 8 айлық сәбидің анасын қалай іздеп жатқанын ойласам, жүрегім ауырады, себебі мен де анамын», — дейді Threads қолданушысы.

Оның жазбасында тағы бір деталь бар. Әйелдің айтуынша, Мадинаның жаназасына оның қайын жұрты келмеген.

«Солардың әулетін көбейтіп, бар тірлігін істеп, бір барни үшін өмірден өткен қыздың қадірі мүлдем болмағаны ғой ол отбасыда. Болса келер еді ғой қоштасуға. Кешірім сұрап жылар еді… Қыздар кеткіңіз келген жерден тез кетіңіздер. Мейлі сізді үйіңіз қабылдамаса да өлмейсіздер. Өмір сүріп, күн көріп кетуге болады қазіргі заманда» — деп жазбасын аяқтаған.

Бұл сөздердің нақты мән-жайын автор толық түсіндірмеген. Қайын жұрттың жаназаға не себепті қатыспағаны жөнінде де әзірге ресми ақпарат жоқ.

Мадинаның қазасына қатысты әлеуметтік желіде түрлі болжамдар тарағанымен, олардың барлығын расталған факт ретінде қабылдауға болмайды. Қазір істің нақты мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр.

Ал жаназада болған адамның жазбасы оқиғаның тағы бір қырын көрсетті — марқұмның құрбысына қатысты әлеуметтік желідегі айыптаулардың шынайылығын тек оның жаназадағы әрекетіне қарап бағалау мүмкін емес.

Мадинаның артында сегіз айлық сәбиі қалды. Ал анасы бүгін қызын соңғы сапарға шығарып салды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→