Қазақстан халқы 20 млн-ға жақындады

Қазақстан халқының 1 қыркүйектегі саны анықталды.

Фото: novoetv.kz

Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан халқы 1 қыркүйекте 19 944 726 адамды құраған,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі stat.gov.kz мәліметіне сүйене отырып.

Ведомство мәліметінше, халықтың басым көпшілігі Қазақстан қалаларын мекендесе (12 368 662 адам), қалған бөлігі (7 576 064 адам) ауыл тұрғындары.

Ең көп адам шоғырланған аймақ - Алматы қаласы 2 205 929 болса, Түркістан облысы адам саны жағынан 2-ші орында 2 135 537 адам. Ал 1 522 182 тұрғыны бар Алматы облысы рейтинг бойынша үшінші орында.

Айта кетейік, биыл Қазақстан халқы 2022-ші жылмен салыстырғанда, 261 845 адамға көбейді.

 

Жүктелуде...