Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бәрекелді! Елорданың бас ұстазы алғашқы мұғалімін құттықтады

Ұстаз мерекесі қарсаңындағы челленджді барлық елордалық ұстаздарға жолдаймыз.

Бәрекелді! Елорданың бас ұстазы алғашқы мұғалімін құттықтады
news.myseldon.com

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы, Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы әлеуметтік желідегі фейсбук парақшасында Республикалық «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ» челленджіне қатысып, өз ұстаздарына деген ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Newsroom.kz.

"Бірінші ұстаз әрбір ересек адамның бойында алаңсыз балалық шаққа деген сағынышын тудырады. Балалық шақтың ең жарқын, тамаша кездері де осы шақ.
Қазіргі кезде елордамыздың №80 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайтын алғашқы ұстазым, алғаш әліппені қолға ұстатқан Байгазинова Әлия Тұрлыбекқызына алғысымды білдіріп, ұстаздар мерекесімен құттықтап шықтым.


Әр шәкіртінің тағдырына алаңдап, біздің жан-жақты дамуымызға атсалысқан, түрлі мерекелік шараларда бізбен бірге қуана білген, сынып жетекшім, сырлас досыма айналған, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Кокеева Зульфия Ахметжанқызына және әрқашан әр сабағы қызықты, мейірімге толы етіп өткізетін, шәкірт жүрегіне орын таба білген, сүйікті ұстаздарымның бірегейіне айналған Масакова Сания Рамазанқызына, өзімнің білім алған мектебімнің директоры болған Оразаева Бақыт Фазылқызына Бакыт Оразаева алғысым шексіз.
«Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» - деп Абай атамыз айтқандай, білім саласындағы өзіндік орны бар директорлық қызметте және Білім басқармасында жол сілтеп, стратегиялық жоспарлауды үйреткен, шыңдаған, шабыт беріп бағыттаған, ұстанымы берік өмірлік ұстазымның бірі Бимендина Асима Темкеновнаға Асима Бимендина алғысым шексіз.
Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған абзал ұстаздарым, бүгінде мәңгілік сапарға кеткен Воказе Кульдрайхан Естайқызын, Жакиянов Серік Тоқанұлын, Саметеева Күншай Аплатоновнаны еске ала отырып, шәкірт жүрегі ұстаз жақсылығын ешқашан ұмытпайтынымды айтқым келеді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» деген осы сөз мен үшін ыстық. Бүгінгі күні ұстаздарымның берген тәлім-тәрбиесінің арқасында білім саласына үлес қосушы педагогпын.
Мерекелеріңізбен қымбатты ұстаздарым! Мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Мың алғыс сіздерге ардақты ұстаздар!Ұстаз мерекесі қарсаңындағы челленджді барлық елордалық ұстаздарға жолдаймын", - деп аяқтады сөзін білім басқармасының басшысы.