Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қыркүйек, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Ақтаудың мектептеріне дәретхана қағазы жетпей ме?

Ақтаудағы мектептердің бірінің оқушысы, мектепте дәретхана қағазы мен сусабын тексеріс келген кезде ғана болатынын айтып, видео түсіргені үшін мектеп әкімшілігінен қысым көрген.

Ақтаудың мектептеріне дәретхана қағазы жетпей ме?
Фото: ғаламтор желісінен

Өз бейнежазбасында оқушы қыз жақсы өзгерістер тек тексерістің келуімен тікелей байланысты деген,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскеннен кейін, қыз бала мектеп басшылығынан қысымға іліккен.

“Ата-анасына жұмыс орындарынан айыппұл салынып, оқушының олимпиадаларға қатысуына тыйым салған”,- деп блогер Азамат Сәрсенбаев өз әлеуметтік парақшасында жазды.

“Мен әрине, Маңғыстау облысындағы білім беру жүйесі құлдырап кеткенін білгем, бірақ бұндай дәрежеге жетті деп ойламаппын”,- деп жазды ол.

Бұдан кейін, 11-сынып оқушысы, білім ордасынан осыған дейін сусабын мен дәретхана қағазын көрмегендіктен, осындай видео түсіріп, желіге салғанын түсініктеме хатын жазып, көрсеткен.