Ағайынды Зекеновтер жағалау күзетінің бірінші дивизионында бір жылдан астам уақыттан бері мерген қызметінде жүр, деп newsroom.kz хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Олардың әскери қызметтегі басты міндеті — бөлімшеге қарасты нысандарды күзету және әртүрлі нарядтарда қызмет атқару, атап айтсақ, ішкі қарауыл, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшілік, парк бойынша кезекшілік.
Әскери қызметте өткерген қысқа мерзім ішінде егіздер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген, бірінші дивизион командирі мен департамент бастығының грамоталарымен марапатталған.
«Ағайынды Зекеновтар өте әдепті және адал балалар. Олар өздерінің қызметтік міндеттеріне адал және жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта үздік нәтиже көрсетеді. Менің ойымша, жігіттердің әскери қызметте болашағы зор», - деп бөлісті жағалау күзетінің бірінші дивизионының күзет тобының командирі майор Амантай Кошаков.
Ағарыс, Бекарыс және Жанарыс есімді бауырлардың байланысын әскердегі қызмет бекіте түскен. Болашақта ағайындылар ҰҚК Шекара қызметі академиясына түсіп, офицер болғылары келеді.
«Тумалас болғасын бала күнімізден біз әрқашан бірге болдық, бір мектепте және бір колледжде оқыдық, ал Отан алдындағы борышымызды өтеу уақыты келгенде бір бөлімге қызмет етуді өтіндік. Біз бала кезімізден әскери болуды армандадық, сондықтан мерзімді қызметтен кейін келісімшарт негізіндегі әскери қызметке шақырту алдық», - деді Бекарыс.
Кішкентай айырмашылықтары болғанымен ағайындылар бір-біріне өте ұқсас. Ағарыс пен Бекарыс бала кезінен каратэ-до спортымен шұғылданған. Ал Жанарыс - самбодан спорт шеберіне үміткер.