Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында ("Ертіс жастары") және Ақсу моноқаласында іске қосылады. Өңірлер несие беретін "Отбасы банкпен" келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Қатысушыларға қойылатын талаптар
Қарыз алушының жасы (қоса алғанда) 35 жасқа дейін. Соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы. Ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде 6–12 ай (аймаққа байланысты). Ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады. Жастарды жұмыспен қамту саласында шектеулер бар.
Ипотека шарттары
Пайыздық мөлшерлемесі — жылдық 5 пайыздан (ГЭСВ - 5,2 пайыздан). Бастапқы жарна - 10 пайыз. Қарыздың ең жоғары сомасы — өңірге байланысты 10-нан 20 миллион теңгеге дейін. Егер таңдалған тұрғын үй қымбатырақ болса, онда қарыз алушы қалған соманы өз қаражатынан төлеуі керек. Несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы облыс әкімдіктері қосымша хабарлайды.