Биыл шілде айының басына қарай қазақстандық банктердің онлайн қызметтерін белсенді пайдаланушылар саны 20,7 млн-ға жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,5% көп. Ал 2021 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда еліміздегі онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар санының өсімі айтарлықтай 25,5%-ды құрайды, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Қазақстандағы банк секторын цифрландыру және онлайн-банкингті дамыту ел экономикасының барлық басқа салалары мен секторлары үшін тиімді цифрлық трансформацияның үлгісі екенін атап өткен жөн. Қазақстанның ірі ЕДБ аз уақытта мобильді қосымшалар арқылы ауқымды экожүйені қалыптастырды.
Халыққа арналған мобильді қосымшалардан басқа, ҚР ЕДБ бизнес үшін онлайн-банкингті белсенді түрде дамытып, енгізуде. Айталық, еліміздегі 10 ірі банктің 7-де кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне арнайы жасалған жеке мобильді қосымша бар. Осы саланың дамуына серпін берген негізгі ЕДБ бірі ForteBank. ForteBusiness мобильді қосымшасының көмегімен кәсіпкерлер түрлі онлайн қызметтерге қол жеткізе алады:
- бюджетке төлемдер жасау — әлеуметтік төлем, зейнетақы, МӘМС, салық және т. б.;
- тауар, қызмет және жұмыс ақысын төлеу;
- қызметкерлердің карталарына еңбекақы аудару;
- ағымдағы шоттардағы, оның ішінде жинақ шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысын толық бақылау;
- шетел валютасын сатып алу және сату, сондай-ақ шетел валютасында ақша аудару;
- бір валютада өз шоттары арасындағы ішкі аударымдар;
- басқа да көптеген қызметтер.
Қазақстанда бизнеске арналған мобильді банкингтің дамуын ірі халықаралық агенттіктер де атап өтуде. SME Banking Agency ақпараттық-талдау агенттігі жүргізген Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі бизнеске арналған мобильді банкингті зерттеуге сәйкес, аймақтағы алғашқы үш жетекші орынды Қазақстан банктері иеленді.
- Рейтингте бірінші орын алған ForteBank аймақтағы ең үздік мобильді банк болды.
- Екінші және үшінші орындарды Halyk Bank және Jusan Bank иеленді.
- Үздік бестікті Украинадағы ПриватБанк және Грузиядағы Bank of Georgia түйіндеді.
Жалпы, SME Banking Agency талдаушылары кемінде 10 мың рет жүктеп алынған және кемінде 3,5 балл жинаған (GooglePlay және AppStore бойынша орташа көрсеткіш) қосымшаларды қарастырды. Нәтижесінде зерттеудің шорт-листіне 6 елден 25 мобильді банк қатысты. Әр қосымша 110 критерий бойынша бағаланды. Сондай-ақ, өңірдегі бизнеске арналған мобильді банкингтің үрдістері мен озық тәжірибелері зерделенді.
Бизнеске арналған мобильді банкингтің кәсіпкерлер үшін бірқатар маңызды артықшылықтары бар.