Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ресей Батыстың мұнай бағасына шектеуін айналып өтіп күрт байыды

Ресей Батыстың мұнай бағасына шектеуін айналып өтіп күрт байыды

Ресей Батыстың мұнай бағасына шектеуін айналып өтіп күрт байыды
ашық дереккөзі
Солтүстік көрші биыл қара алтыннан рекордтық табыс тауып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. Халықаралық энергетикалық агенттіктің дерегінше, Ресейдің мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан табысы биылғы шілдеде, маусым айымен салыстырғанда бірден 20% өсті. Осылайша, Мәскеу тек бір ғана айда қара алтынынан 15,3 миллиард доллар табыс тапты. Bloomberg хабарлауынша, бұл 2023 жылдың басынан бері тіркеліп отырған ең жоғарғы табыс саналады. Бірақ бұл 2022 жылғы шілдеге қарағанда 20% кем. Яғни, ресейлік мұнай саудасын шектеуге тырысқан Батыстың санкциясының ықпалы да бар. РФ мұнайы экспортының көлемі шілде айында тұрақты болып қалды: тәулігіне шамамен 7,3 млн баррелді құрады. Шикі мұнай экспортының биыл тәулігіне 200 мың баррелге азаюын Ресей мұнай өнімдерінің экспорттық ағынын арттыру арқылы өтеді. Өткен жылдың соңында G7 елдері мен Еуроодақ РФ мұнайының әр баррелін 60 доллардан қымбат сатып алмауға келісіп, баға шектеуін енгізген. Алайда ресейлік мұнайдың Urals маркасының құны шілдеде 64,41 долларға дейін қымбаттады. Сөйтіп, дамыған елдер бекіткен шектен асып кетті. Бүгінде 70 доллардан да асты. Сарапшылардың айтуынша, бұған орыс мұнайын үнді елінің қымбатқа сатып алуы түрткі болған: Үндістан Батыстың бұл санкциясына қосылған жоқ. Мәскеу Нью-Делиге және басқа серіктестеріне былтыр жомарттықпен ұсынып келген жеңілдік-дисконттарынан биыл бас тартты. РФ Қаржы министрлігінің дерегінше, Urals мұнайы биылғы сәуірде 58,63 долларға, мамырда 53,34 долларға, маусымда 55,28 долларға, ал шілдеде 64,37 долларға сатылды. 2023 жылғы 15 шілде мен 14 тамыз аралығында Urals бағасы әрбір баррелі үшін 70,33 долларға немесе әр тоннасы үшін 513,4 долларға дейін күрт өсті. Яғни, батыл қымбаттатуда. Financial Times хабарлауынша, Ресей дамыған елдер қойған мұнай бағасына шектеуді айналып өтудің тәсілін тапты. Ол айла-шарғы қарапайым: декларацияларда, ілеспе құжаттарда орыс мұнайының әр бөшке-баррелі 50–55 доллардан сатылғаны көрсетіледі. Қалған құны жеткізу бағасына жатқызылады. Осылайша, ресейлік компаниялар тасымал шығыстарын бірнеше есе арттыру арқылы шикі мұнайды шетелге сатудан G7 мен Еуроодақ белгілегеннен әлдеқайда көп пайда табуда. Financial Times талдауы көрсеткендей, осы тәсілмен РФ тек Үндістанға мұнай экспортынан биылғы бір тоқсанда 1 миллиард доллардан астам қосымша табыс көрді. Бұл бір ғана бағыт. Ал Ресей қара алтынын Қытайға, Еуропаның бірқатар елдеріне, Азияға тасиды.  /><em>Фото: gazetatolk.ru</em>
<blockquote> Бұл қулық әшкере болған соң сарапшылар дамыған елдердің Ресейге қарсы жаңа шектеулер енгізуі керектігін ескертеді.  /><em>Фото: reuters.com</em>
<blockquote> Дегенмен, қандай шаралар қабылданатынын айтпады. Ресей шығарған кедендік есептемелерде жазылғандай, 2022 жылғы желтоқсаннан бері бұл елдің шикі мұнайының әр бөшкесі шамамен 50 доллардан өткізіліп жатыр. Бұл – Балтық порттарындағы жөнелту бағасы. Сөйтіп, РФ шектеуді бұзбаған сыңай танытты. Алайда Үндістанның кедендік есептемелерінде орыс мұнайының CIF (шикізат, сақтандыру және фрахт құны) бағасы әр баррелге 68 доллардан келетіні көрсетілген.  /><em>Фото: news.myseldon.com</em>

Нәтижесінде, үнді еліне жеткенше, әр баррелі 18 долларға қымбаттап шыға келген. Argus сарапшыларының түсіндіруінше, шынында, тасымал, сақтандыру және фрахт шығыстары әр баррелі үшін шамамен 9 доллар ғана болуға тиіс.

Салыстырсақ, дәл осы кезде өзге елдердің мұнай маркаларының әр баррелі орта есеппен шамамен 79 доллар тұрды. Яғни, үнді еліне бәрібір бағасы өскен РФ мұнайын сатып алу тиімдірек болды. Сондықтан Нью-Дели Мәскеудің былтырғы дисконтты жойғанына наразы болғанымен, оның қара алтынын сатып алуды жалғастырды.

FT тілшілерімен әңгімелескен Үнді мемлекеттік мұнай компаниясының өкілі