Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты оқиғаға жауап берді

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты оқиғаға жауап берді

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты оқиғаға жауап берді
ашық дереккөзі
  Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты оқиғаға өз ойын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. “Соңғы 5 айда әлеуметтік желілерде ұлыма қатысты жағдайға байланысты өте көп ақпарат шығып жатыр. Ия, бұл жағдайдың болғаны рас, алайда оны қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептеймін. Жағдай орын алғанда, мен өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін. Қазіргі кезде қоғамдық ортада менің ұлымның бір қателігінен басқа, қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Осы орайда, ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсініксіз.  Жарайды, ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді менің ойымша бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс”, - деп жазды ол. Сондай-ақ Дәулет Тұрлыханов әке ретінде баласын қорғап қалатынын айтты. Сонымен қатар барлық ақпарат оның ұлына үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жатқанын жәнеұлы қандайда бір әбестік жасаса заң бойынша жазалануын қалайтынын айтты. “Ол әлі жап-жас жігіт. Оның жасағаны дезертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып "самоволкаға" шығып кеткені. Мен ұлымның  Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?! Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиялық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін”, – дейді Тұрлыханов. Ол ұлының басынан өткен жағдай абыройына әсер етпеу керектігін және бүгінгі күндегі абыройы- орасан еңбектің арқасында келгенін айтты. Және де қоғамды  дүрліктіріп, ақпарат таратып жүргендер осыны түсінгенін қалайды.