Алматылық атқыш Игорь Дужновтың әйелі өзін және үйін өртеп жібере жаздады. Анаида Демирчян әлі күнге дейін қандай жолмен болса да баспанасын қорғауға тырысып жатыр. Бір күн бұрын, 26 маусымда ол тағы да жеке сот орындаушысын қабылдаудан бас тартқан, - деп
newsroom.kz хабарлайды
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында алматылық атқыш Игорь Дужновтың үйінің қасында тағы да адам көп жиналды. Екі жыл бұрын ол бес адамды адамды атып өлтірген болатын. Бұл жеке сот орындаушысы, екі полицей, үйдің жаңа қожайыны және оның досы.
Енді басқа бір жеке сот орындаушысы істі аяғына дейін жеткізуді көздеп отыр. Оқиға орнына полиция да шақырылған. Атқыштың әйелі Анаида Демирчян жанжалсыз берілмек емес. Бүгін әйел шектен шығып, өзін-өзі өртеп жіберуге дайын екенін айтқан. Алғашында ол полицейлер және сот орындаушылармен тек қоршаудың ар жағынан сөйлескен.
"Мен, әрине, кіргізбеймін. Егер бұл заңсыз көшіру болса, қалай кіргіземін?" – дейді әйел.
Анаида Демирчян банк мүлікті бағаланған құнынан төмен сатты деп мәлімдеп отыр. Сондықтан, ол қазір үйге толық құқығы бар деп санайды.
"Үйден көшуге ниетім жоқ, себебі бұл үйдің маған тиесілі екенін білемін. Тұрғановқа құқық белгілейтін құжаттардың барлығы жойылды. Сот шешімі жойылды. Бұл қарыздардың барлығы небәрі 75 миллион теңге. Ол толығық бір коммерциялық жылжымайтын мүлікпен жабылған. Бұл біздің салон. Мен бергем жоқ, азаматтық соттар жүріп жатыр", - деп түсіндірді Анаида Демирчян.
Бірақ жеке сот орындаушысының өз шындығы бар. Алмасбек Елтоков заң аясында әрекет ететінін айтады.
"Сот шешіміне бірнеше рет шағым жасалды, олардан бас тартылды. Қазіргі уақытта сот шешімі жойылған жоқ. Сот шешімі міндетті түрде орындалуы керек. 2023 жылдың қаңтарынан бері келіп, тапсырып жатырмын. Әр жолы прокуратураның, мемлекеттік органдардың талабына байланысты кейінге шегеріледі. Атқарушылық іс жүргізуді зерделеу үшін. Заңбұзушылықтар бар ма, жоқ па? Ешқандай заңбұзушылық жоқ", - дейді жеке сот орындаушысы Алмасбек Елтоков.
Сот орындаушысы бұл мәселені шешуге ниетті. Олар тіпті қақпаның құлпын да бұзған. Бірақ ол отбасы үйден шығарлған жоқ.
"Бес өлім дәл осы себептен болды! Сіздер не, мен шыдайды деп ойласыздар ма? Тағы да ескертемін! Ашпаңыздар!" – деді Анаида Демирчян.
Алатау ауданының прокуратурасы істің барлық мән-жайы анықталғанға дейін өндірісті тоқтатты.