Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бизнес ақша шешіп, банктерден 403 млрд тг әкетіпті

Бизнес ақша шешіп, банктерден 403 млрд тг әкетіпті

Бизнес ақша шешіп, банктерден 403 млрд тг әкетіпті
ашық дереккөзі
Қазақстандық банктердегі бизнестің депозиті биыл 1 мамырда 13,8 трлн теңге болды. Бұл бір ай бұрынғыдан бірден 2,8% (немесе 403 млрд теңгеге) аз. Алғашқы ондықтағы екі банкте ғана көрсеткіш оң, соның тек біреуінде ғана өсім айтарлықтай, деп хабарлайды newsroom.kz. Үздік он банктің ішінде бизнестің депозитінің бір айлық өсімінде Bereke Bank көш басында: бір айда 2,3% ұлғайып, 800,4 млрд теңгеге жетті. Ескерту: жылдық динамикада да банктің көрсеткіші бірден 6,6 есе өсіммен көш бастап тұр. Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында Halyk Bank: 0,4% көбейіп, 5 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк портфелін 1,3% ұлғайтты. Қалған он банкте бизнестің депозиті бір айда азайып кетті. Ай сайынғы динамика бойынша жалпы сектордағы алғашқы 10 банктің 8-і және 21 ЕДБ-нің 13-і көрсеткішін әлсіретті.
Some Image
Еске салайық, жыл басында заңды тұлғалардың депозит көлемінің динамикасы біркелкі болмады — мысалы, қаңтарда көрсеткіш бір айда 2,1% төмендеп, ақпанда тағы 4,7% азайып, наурызда 3,6% көбейіп, сәуірде қайта азайған.
Some Image