Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Соғыс ардергерлеріне қандай көмек беріледі?

Соғыс ардергерлеріне қандай көмек беріледі?

Соғыс ардергерлеріне қандай көмек беріледі?
ашық дереккөзі
9 мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсету жыл сайынғы үрдіс. Еліміздің түкпір-түкпірінде үл­кенді-кішілі ұжымдарда бейбіт күнді орнату үшін жастығын қан майданға берген ардагерлер ардақталып жатады. Сол секілді мемлекет тара­пынан да соғыс және тыл ардагер­ле­ріне сыйақы биыл да берілетін болады. Үстіміздегі жыл Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу құрметіне Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне кемінде 1,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек беріледі. Ал елордамыз Астанада Жеңіс күніне орай дәстүрлі акция өткізіледі. Оның аясында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардегерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі, деп newsroom.kz хабарлайды Elorda.info сайтына сілтеме жасап.  Олар арнайы мамандардың қабылдауларында болып, медицина орталығында тегін және тұрақты түрде медициналық тексеріс пен кеңес беру-диагностикалық көмек ала алады. Байқоңыр ауданы бойынша қабылдайтын медициналық орталықтар мен олардың қабылдау кестесі: 1. «№8 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК Мекенжайы: Сембинов көшесі, 4/1. Қабылдау кестесі: 139 кабинет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 2. Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ МКК Мекенжайы: Досмухамедұлы көшесі, 24. Қабылдау кестесі: 2 апта жұмыс істейді, стационарлық бөлімшеде қабылдайды, 223 кабинет, 9.00-ден 12.00-ге дейін. Сонау екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, ал кейбірі хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады. Бүгінде тірі қалғандары саусақпен санарлық. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылып отыруы керек. Отан үшін отқа түсіп, қан майданда ажал құшқан аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.