Финалда – Азияның ең мықты 7 әншісі
Жартылай финал қорытындысы бойынша ақтықкезеңге мыналар өтті:
• ALEM (Қазақстан)
• Язмин Азиз (Малайзия)
• Автандил Абесламидзе (Грузия)
• Мишель Джозеф (Моңғолия)
• Чжан Хэ Сюань (Қытай)
• Саро Геворгян (Армения)
• Мадинабону Әділова (Өзбекстан)
Халықаралық қазылар алқасының айтуынша, соңғы эпизод алдындағы шығарылым ең күрделі кезең болды: қатысушылар алғаш рет қазақстандық 6eluchchi, A.Z., Маржан Арапбаева және Mona Songz секілді әртістермен бірге дуэт орындады. Бұл олардың вокалын жаңа стильде танытуға мүмкіндік берді.
Жартылай финалистер өздерінің авторлық әндерін, ұлттық туындыларын және өз елдерінің хиттерін орындап, халықаралық деңгейге лайық шеберліктерін көрсетті.
Бұрын-соңды болмаған география
Silk Way Star – ауқымы жағынан мұндай ауқымды деңгейдегі әртістерді біріктірген Орталық Азиядағы алғашқы вокалдық жоба.
Байқауға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдердің орындаушылары қатысып жатыр. Олардың барлығы – халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, танымал әртістер және өз музыкалық мектептерінің жарқын өкілдері.
Алғашқы эпизодтардан бастап-ақ жоба аймақ елдері арасындағы шығармашылық алмасуға арналған бірегей кеңістік қалыптастыратын ірі кросс-мәдени медиаөнімге айналды.
Бұған қоса, Silk Way Star соңғы жылдардағы ең ауқымды музыкалық жобалардың біріне айналды. Қатысушы елдердегі және халықаралық телеарналардағы трансляциялардың жиынтық аудиториясы 1 млрд көрерменнен асады. Мұндай қамту жобаны Орталық Азияның жаңа мәдени брендіне айналдырып, тұтас аймақтың музыкасына қызығушылықты арттыра түседі.

Бакуден Ұланбатырға дейін созылғанкөрермендер кеңістігі
Silk Way Star жобасы алты мемлекеттің телеарналарынан көрсетілді. Олар:
• Space TV (Әзербайжан)
• «Сафина» (Тәжікстан)
• «Музыка» және «Маданият» (Қырғызстан)
• UBS және «АИСТ Глобал» (Моңғолия)
• Zor TV (Өзбекстан)
• Georgian Times (Грузия)
Қазақстандағы эпизодтар әр сенбі сайын 20:00-де Jibek Joly арнасында және 22:30-да халықаралық Silk Way арнасында көрсетіледі.
Жоба қазірдің өзінде аймақтың дәстүрлері, тілдері мен шығармашылық мектептерін біріктіретін жаңа мәдени дипломатия құралы атанды.
Финалдық эпизод 22 қарашада сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляциялар бір уақытта Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда өтеді.
Алғашқы азиялық мегажобаның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады:
50% – қазылар шешімі, 50% – онлайн дауыс беру.
Әрбір көрермен silkwaystar.org сайтында өзінің сүйікті қатысушысын қолдай алады.
Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиа корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып келеді.
