Бұл туралы
newsroom.kz хабарлайды Өмір Шыныбекұлының
фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Қытай қаупін сезінгіңіз келсе, Италияның Прато деген қаласының соңғы 50 жылдық тарихын қараңыз...
Қазір Еуропадағы ең ірі қытай диаспорасы бар Пратода ең алғашқы қытай азаматы 1969 жылы пайда болыпты.
Жергілікті текстиль фабрикасына күзетші боп жұмысқа орналасқан әлгі қытайлық қағілез екен. Өзі орналасып алған соң ақырындап қандастарын шақыра бастайды.
Көп ұзамай қызметі көтеріледі.
Жалақысы көбейген соң біртіндеп әлгі фабриканың акцияларын сатып ала бастайды.
Өзінің жалақысы жетті ме, әлде астыртын Қытай үкіметі көмектесті ме, ол жағы белгісіз..
Бір анығы біраз жылда фабрика акцияларының контроль пакеті әлгі қытай азаматының қолына көшеді..
Сол аралықта Пратода қытайлықтардың қарасы көбейіп қалады..
Олардың көбейіп кеткенінен сескенген қала әкімдігі түрлі жолдармен олардың келуін шектеуге әрекет жасай бастайды..
Бірақ Италия азаматтығын алып алған қытайлар шеруге шығып біраз күн қала өмірін өз ырғағынан жаңылдырады..
Бұлардың қалайша тез көбейгеніне журналистік зерттеу жүргізген бір журналист қалада қытай азаматы көп болса да, моласы жоқтығына көзі жетеді.
Мәйітті кремация жасайтын мекемелерге де олардан өтініш түспеген.
"Бақса бақа екен" демекші, олар қандастары қайтыс болса дабыралатпайды екен.
Мәйітін мұздатып, амалын тауып кәдімгі сауда кемелерінің бірімен отанына жібереді екен.
Ал оның құжаты шекараны заңсыз кесіп өткен келесі қандасына беріледі..
Қазір "Ойбай, мен Қытай түгілі, Түркиялық киім кимеймін" деп сіздердің кейбіріңіз киіп жүрген "Made in Italy" текстиль немесе аяқ киімдер сол қытайлықтардың қолынан шыққан..
Алыста жатқан 60 млн тұрғыны бар Италияға бас ауру боп отырған Қытай азаматтарына визасыз кіруге рұқсат беру өзің отырған бұтақты аралаумен тең...
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ