QazTrade сарапшыларының пікірінше, геосаяси жағдайға байланысты әлемдік саудадағы өзгерістер, жалпы Қазақстан экспортына қолайлы әсер етті деп жазады finprom.kz дерегіне сүйенген newsroom.kz порталының тілшісі.
Экспорттық себетті әртараптандыру деңгейінің артуы байқалды. Қазақстан тауар түрін көбірек сата бастады (2,9 мыңнан 3,4 мыңға дейін), ал экспорттық нарықтар саны 122-ден 129-ға дейін өсті.
Батыстың Ресей мен Беларусьқа қарсы санкциялары еуропалық негізгі жеткізушілерді өздері үшін жаңа нарықтар іздеуге мәжбүр етті, Ресей де сауда саясатын түзетті. Бұл қайта құрулар ҚР-ның экспорттық ағындарына да әсер етті. Мәселен, Қазақстаннан Беларуське тас көмірді жеткізу соңғы бір жылда 93,6% — 1,8 млн тоннадан 119,7 мың тоннаға дейін қысқарды. Дегенмен, Қазақстан Еуропадағы энергетикалық дағдарысты ескере отырып, бұл стратегиялық маңызды өнімнің жаңа сатып алушыларын тез тапты. Еуропа Қазақстан отынын қуана импорттай бастады: Польша 1,5 млн тонна импорттады (2021 жылмен салыстырғанда 10 еседей көп), Латвия 752,8 мың тонна сатып алды (бір жыл бұрын сатып алмаған), Түркия мен Кипрден де сұраныс артты. Жалпы, әлемдік нарықта көмірге сұраныс жоғары болып, Қазақстан осы шикізатты сатудан түсетін экспорттық кірісті 89,3% арттырды.
Фото: Internationalwealth.info