Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жа­нымхан Жаналтай 70 киіз үйді тігуге Түркия қазақтарын бастап барған

Жа­нымхан Жаналтай 70 киіз үйді тігуге Түркия қазақтарын бастап барған

Жа­нымхан Жаналтай 70 киіз үйді тігуге Түркия қазақтарын бастап барған
ашық дереккөзі

Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға туысқан түркі жұрты түгел жұмылып, көмек қолын созып жа­тыр. Соның ішінде Қазақстан халқы азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектен бөлек, 70-ке жуық киіз үй жіберді. Апат оша­ғы саналатын Қахраманмараш про­винциясында сол 70 киіз үйді тігуге 50-ге жуық Түркия қазақтарын бастап барған Kazakder ұйымының негізін салушы Жа­нымхан Жаналтайға хабарласып, әңгі­ме­лескен едік, деп Newsroom.kz хабарлайды turkystan.kz дереккөзіне сүйене отырып.

– Әлеуметтік желіден зілзала бол­­­­ған аймақтардың бірінде үрейі қашқан халыққа Kazakder де­ген жазуы бар желетке киген Түр­кия қазақтарының жаппай кө­мектесіп жатқанын көрдік. Сұ­растыра келе, ол жаққа елуге жуық қазақтарды бастап апарған сіз екенін әрі Ыстанбұлда құ­рыл­ған Kazakder ұйымын бас­қара­тын да өзіңіз екенін білдік. Ал­ды­мен өзіңіз, сосын Kazakder ұйы­мы туралы бірер сөз айта отыр­саңыз.

– Аты-жөнім – Жанымхан Жа­нал­тай. Ыстанбұлда туып-өскен қа­зақ­пын. Кезінде Алтай губернаторы, Үрім­шіде құрылған Шынжаң аралас өл­келік үкіметінде Қаржы министрі бол­ған Жанымхан Жаналтайдың не­мересімін. Қырық жастамын. Не­гізі, мен 2003 жылы Қазақстанға кө­­­шіп келгенмін. Астанада «Самұрық-Қа­зына» компаниясында тоғыз жыл­дай жұмыс істедім. Сосын төрт жыл­дай Астана халықаралық қаржы ор­талығында еңбек еттім. Қазір Қа­зақ­станда екі ағылшын серіктесіммен бір­ге консалтинг компания ашып, бір­ге жұмыс істеп жатқаныма үш жыл­дың жүзі болды. Отбасым, үш ба­лам бар. Үш баламның біреуінен ау­тизм белгілері анықталған соң екі жыл бұрын Түркиядағы арнайы мек­тепке алып келдім. Қазақстанда он­дай мектеп таба алмадым. Сондықтан соңғы екі жыл бойы екі елдің ор­та­сын­да жүремін. Үш жыл бұрын Түр­кия қазақтарының басын біріктіретін қауым­дастық қажет екенін түсініп, Ыстанбұлда жеке кеңсесі бар үлкен қауым­дастық құру идеясы туды. Сөй­тіп, бірге өскен азаматтар басымыз бірі­гіп, Түркияда тұрып жатқан жаңа жас буын өкілі ретінде ата-ана­ла­ры­мыз­дың күшімен орнаған бірлік пен бере­кені одан әрі арттыру ісін қолға ал­дық. Алғашында Kazakkent Altay Derneği деп ашылған едік. Қазір Kazakder атауын брендке айналдырып жа­тырмыз. Біздің мақсат – Түркияға не­месе Қазақстанға ғана емес, жалпы тү­рік әлеміне қызмет ету. Қазір бар на­зарымыз Түркияда болып тұр. Ке­ше ғана 6 ақпанда жойқын жер сіл­кінісінен зардап шеккен Түркияның Қах­раманмараш қаласынан орал­дым.

 width=

– Зілзала болған он облыста қан­ша қазақ тұратыны туралы де­рек бар ма сізде?

– Табиғи апат болған аймақтарда ал­ты ғана қазақ отбасы тұрады. Оның екеуі Газиантепте, екеуі Ха­тай­да, қалған екеуі Адыяманда. Зілзала сал­дарынан қатты зардап шеккен Ха­тай провинциясында Мұстафа Өз­түріктің туысқандары болған екі адам үйіндінің астында қалып қойып, қайтыс болды. Ал екінші от­ба­сы тұрып жатқан үйлерінен дер ке­­зінде шығып үлгерген, бірақ де­не­ле­рін­де аздаған жарақаттары бар. Қа­­зір Ыстанбұлда туыстарының үйі­­не тұрақтады. Адыяман айма­ғын­да тұратын бір қазақ отбасы дін аман, тек үйлері опырылып түскен­дік­­тен, тұруға жарамсыз. Қазір олар да Ыстанбұлдағы туыстарының үйін па­налады.

– Сіз бұл қайғылы хабарды ес­­тігенде қайда едіңіз? Қахра­ман­­марашқа тек Ыстанбұл қа­зақ­­тары бармаған болар? Қалай топ­тастыңыздар?

– Мен бұл хабарды естігенде Қа­зақ­станға жол жүргелі отыр едім. Со­сын дереу қауымдастықтың кең­се­сіне жиналып, қолымыздан не ке­ле­тінін ақылдастық. Кейін зілза­ла­ның ауқымы біз ойлағаннан да үлкен еке­нін естігенде бірден іске көшуіміз ке­рек екенін түсіндік. Түркия елі ке­зін­де бізді құшақ жая қарсы алды. Жер берді, су берді. Бар жылуын ая­ма­ды. Олардың басына қара бұлт үйі­ріліп, қиын күн түскенде біз де сырт қалмай, аталарымыздың аты­нан көмек қолын созуға енді біздің ке­зегіміз келгенін түсіндік. Алға­шын­да тағам, киім-кешек, жылытатын пеш­тер, көрпе секілді аса қажет зат­тар жібердік. Сосын журналист Нұр­бек Бекбаудың жүз киіз үй апаруға қа­тысты көтерген бастамасын есті­дік. Нұрбек екеуіміз зілзаладан зар­дап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған бір топқа тіркелгенбіз. Сол топ­та киіз үйге қаражат жиналып жат­қанын естіген соң «Түркияда тұ­ра­тын қазақ диаспорасы ретінде сіз­дерге көмектесейік. Жүз киіз үйді тігу оңай емес. Сендерге ол үйлерді құ­рысатын көп адам қажет. Қарсы бол­масаңдар, біз барып көмекте­сейік» деп жаздым. Одан бөлек, та­мақ пісіретін заттар, киім-кешек апар­­­ғы­мыз келді. Оған қоса, киіз үй­дің ішін жы­лытатын пештерге тап­сырыс бер­дік. Сөйтіп, ол пештерді құ­­быр­­ла­ры­мен бірге Қахраман­ма­раш­қа алып бардық. Онда қырық алты қазақ бір ав­тобуспен бардық. Үш көлікке мін­ген қазақтар арты­мыз­дан келді. Қы­рық алтының үшеуі Ниг­де про­вин­циясынан келді. Он бі­рін жолай Ан­караға соғып алып кет­тік. Ал қал­ғаны – Ыстанбұл қа­зақ­­тары.

 width=

– Әлеуметтік желіде киіз үй құратын адам таппай жатыр де­ген хабарламаны көзіміз шалған еді. Ол жаққа елу адам болып бар­­ған сіздер Қазақстаннан кел­ген­дер­ге қосылып өздеріңіз-ақ құра­ды екенсіздер ғой.

– Иә, ол туралы мен де ес­тідім. Бі­р­есе «қыр­ғыз­дар құрып бе­реді», ен­ді бірде «тү­ріктер өздері құ­рып ала­ды» дегенді ес­тідік. Бірақ киіз үй­лер­­дің көбін біз алып кел­ген жастар тікті. Бір-екі күннен соң Ала­ния, Ан­­­­­талия жақ­та тұра­тын қазақтар қауым­дасты­ғы­ның өкіл­дері үш кө­лік­пен ке­ліп, қа­тарымызға қосылды. Сөй­­тіп, бәріміз қосылып, киіз үй тік­­­тік. Негізі, біздің онда барған бас­ты мақ­­­сатымыз да сол болды ғой. Жет­­піс­ке жуық киіз үйді Қазақ­стан­нан кел­ген сегіз-тоғыз адам құра ал­­­­май­ды. Біз қаражат жинау бас­тал­ған кез­де-ақ көмектесеміз дедік қой. Не­гізі, киіз үйді Қазақстан мен Түр­кия қазақтары бірлігіміз жараса ті­ге­міз деп ойлаған едік. Олай болмай шық­ты. Басында «Ешкім атсалыс­па­сын. Өйтпесін. Бүйтпесін» деген әң­гіме шықты. Бірақ біз көмектеспесек, олар ештеңе бітіре алмас еді. Бітірмей қайтып кетуші еді. Онсыз да жұмыс­ты соңына дейін бітірмей қайтып кетті. Соңы­на дейін біздің жігіттер жүрді. Мұн­дай жерде келіспеушілік бола­ты­ны белгілі ғой. Бірақ мақ­са­тымыз бір болғандықтан, түрік бауырлардың ал­дында дауласпайық деп «Мейлі, әң­гі­мені көбейтпей көмектесейік» деп шештік.

– Әлеуметтік желіде сіздер құр­ған жетпіс киіз үйдің түгеліне жер­гілікті халықтың орнығып ал­ғанын көрдік.

– Иә. Бос орын жоқ. Біз негізі жұ­­­ма күні қайтпақ болғанда біразы бос тұр­ған еді. Қайта алмай сенбі күні қай­та барсақ, бос орын жоқ, халық кі­ріп алған. Жалпы, сол жерде тұрып жат­қан түрік ағайындар ризашы­лы­ғын білдіріп, қолымызды қысып, құ­шақтап, бетімізден сүйіп, шексіз ал­ғысын білдірумен болды. Кей­біреу­лері көзіне жас алып, жылады. Қатты қуанды. Көпшілік түріктер киіз үй ту­ралы білмейтін шығар деп ойлай­тын болар. Бірақ кейбіреулері түрік телехикаяларынан көрген. Ал енді бірі оның өте қолайлы баспана ек­е­нін, суық өткізбейтінін жақсы біледі. Ке­лесі бірі «Кәдімгі үй секілді ғой» деп бар білетін дерегін айтып жүр. Көп­­­шілігі ішіне кіріп көрген соң «Ра­сымен, үй секілді екен ғой!» деп қуа­на-қуана ішіне көшіп кірді. Айта ке­терлігі, ол жаққа әлі тағы көп киіз үй керек. Жеткіліксіз.

– Ә дегенде Түркияға киіз үй апа­­­­руға қатысты қоғам пікірі екі­­­ге бө­­­лінді. Бірі палатка апар­ған әлде­қай­­да дұрыс десе, енді бірі киіз үйден ар­­тық ештеңе тап­пайтынын алға тарт­­ты. Қай­сы­сы пайдалы, қайсысы тиім­­сіз еке­нін өз көзіңізбен көріп қай­т­тыңыз ғой. Жоғарыда айтқа­ныңыз­­ға қарағанда, киіз үйдің пай­­да­сы көбірек тиген секілді.

– Палатка ары кетсе екі аптаға жа­рар, одан ұзаққа шыдамайды. Әрі олар киіз үй секілді емес, суық бо­ла­ды. Әрі-беріден соң жел соқса, па­лат­каны ұшырып әкетеді ғой. Жалпы, Қах­раманмараш – таудың етегінде ор­наласқан қала. Тау жақтан адам­ның бетін тілетіндей өктем жел есетінін өз көзімізбен көрдік. Тұп-ту­ра өңменіңнен өтіп кететін Аста­на­ның желі. Сондықтан киіз үйдің пай­дасы көп. Қазір Еуропа мен Араб елдері,

 width=

Түркияның өзі де контейнер үй­лер жасақтап, ол аймақтарға әке­ліп, орнықтырып жатыр. Киіз үй қо­лайлылығы жағынан ол үйлерге жет­­песе де, тиімділігі жағынан па­лат­­ка­дан үш есе көп деп есептеймін. Тү­рік­­тер де мұны жақсы біледі. «Осында киіз үй тігіліп жатыр екен ғой» деп жү­гіріп келгендер болды. Қах­раман­ма­раш маңындағы бір ауыл­дан жүз адам біз киіз үй тігіп жатқан аумаққа кө­шіп келуге мәжбүр болды. Сонда киіз үйдің қолайлылы­ғы туралы есті­ген сол ауыл тұр­ғын­дары «Есікті ашың­дар! Бізге де орын беріңдер!» деп дауласты. Түркия үкіметі жа­нын­дағы апаттар мен тө­тенше жағдайлар бас­қармасының (AFAD) өкілдері ол үй­лерге орныға­тын адамдарды ар­найы тізім бойын­ша кіргізді.

– Екі елдің ортасында жүр­сеңіз де, Түркиядағы қазақ жас­та­ры­на жол көрсетіп, жөн сілтеп жүр­­геніңізге риза болып отыр­мыз.

– Мен бұл жұмысты бәрінен биік қоя­мын. Біз – Түркияға көшіп келген ұр­пақтың үшінші буынымыз. Жо­ғары­да айтып өткенімдей, жаңа буын ре­тінде осындағы қазақтар арасын­да­ғы береке мен бірлікті арттыру жо­лында тынбай жұмыс істейміз. Мұн­да өмір сүріп жатқан ұрпақ өс­кен сайын қазақшаны ұмытып бара­ды. Ана тілдің не үшін керек екенін білмейді. Өкініштісі сол, қазіргінің жас­тары технология, интернеттің ық­палынан ассимиляцияның құр­сауын­да қалды. Әсіресе, кейінгі кезде бұл процестің үдей түскенін бай­қай­мыз. Ойлап қараңыз, бір ғана Ыс­тан­бұл­да бір Қазақстан халқы тұрады. Мек­тепте түріктерден бөлек басқа ұлт­тармен бірге оқиды. Қазір осында кө­шіп келген сириялықтардың саны ар­тып барады. Осындай көптің ішін­де балалар кім екенін ұмытпасын де­­ген мақсатты көздеп, қазақшылық­ты насихаттауды басты міндет етіп ал­дық. Туысқандық дәстүр – қазақы тәр­биенің мәйегі. Бәрі де содан ба­с­та­ла­ды. Жеті атамызды, жеті ұрпақты бі­леміз. Біздің ең үлкен байлығымыз – біздің ұрпағымыз, біздің ше­жіре­міз. «Қалай келдік?», «Қайда бара жа­тырмыз?» дегенді бүгінгі ұрпақ са­насына сіңіруі қажет. Сондықтан ал­дымен балалардың қазақшаны же­тік білгеніне мән бергіміз келеді. Қа­зақилықтың не екенін алдымен ба­лаларымызға үйреткіміз келеді.

 width=

– «Отандастар» қорының бас­та­масымен шетелдегі қандас­тар­ға арналған қазақ тілі курстары­на балалар қатыса ма?

– Қазір бізге балаларды қазақ ті­­ліне онлайн форматта оқыту тиім­сіз болып тұр. Өйткені планшетке не­месе компьютерді қолына алған ба­ла бәрібір интернетке кіріп, қызық қуып, басқа пайдасыз дүниелерді қа­рамай қоймайды. Әлбетте, «Отан­дастар» қорының ұйымдастырған кур­сының берері мол. Көпшілігі үй­ре­ніп жүр. Бірақ балалар офлайн фор­матта оқыса дейміз. Алдағы уа­қыт­та «Отандастар» қорымен бірле­сіп, жаңа жоба бастамақпыз. Ыстан­бұл­да тұ­ра­тын қазақ тілінің маманы табыла қал­са, балаларға қазақ тілінен курс аш­пақ­пыз. Қор жалақысын төлеп оты­рады. Жоғарыда айтып өтке­нім­дей, біздегі жаңа буын мен Қазақ­стан­нан келгендердің тіл табыса ал­­майтын себебі тіл білмегендіктен бо­лып отыр. Түркиядағы қазақ жас­тарының тоқсан бес пайызы, мүмкін одан да көбі қазақша сөйлей алмай­ды. Оларда үйренетіндей қызығу­шы­лық та жоқ. Бұл негізі ата-ананың нұс­қауымен болатын нәрсе ғой. Бі­рақ Түркияда туып-өскен ата-аналар осы жерге әбден сіңіп, тілі мен дәс­түрін ұмыта бастаған. Балаларына қа­­­зақшаның керегі шамалы деп ой­лауы мүмкін. Қазақ тілін үйрету ісін өз күшімізбен жүзеге асыра алмай­мыз. Себебі ол үшін қыруар қаражат қа­жет. Сондықтан «Отандастар» қо­ры­ның көмегімен қауымдастық­тың кеңсесінде біраз жұмыс атқарамыз деп сенемін. Кеңсемізде ересектермен қатар балаларға да жағдай жасалған. Түркияға жетпіс жыл бұрын аман-есен келдік. Осы уақыт ішінде жақсы­лық­тар да болды, қиындықтар да бол­ды. Қалай болғанда да, құдайға шү­кір, осы күнге басымыз аман, бауы­рымыз бүтін болып жеттік. Ал ен­ді бұл күнге жеткен соң мұның қа­дірін түсініп, бөтен ортаға келсе де, қазақилығын көзінің қара­шы­ғындай сақтаған, салт-дәстүрді берік ұс­танған, ата-әжелеріміз салып бер­ген жолды жалғастыруымыз қажет. Kazakder ұйымы осы мақсатты көз­де­ген жастардың басын біріктіріп, 2018 жылдың жазында ашылған еді. Кейін пандемия кезінде адамдар бір-бірінен алыстап кетті. Бірақ панде­мия аяқталған соң көп жұмыс атқар­дық. 2020 жылы атқарған шаруа­лары­мызды үлкен жинақ қылып шы­ғардық. Былтыр жазда Түркия­да­ғы ұлы көштің жетпіс жылдығына орай Ыстанбұлда Еуропа мен Түр­кия­дан келген екі мыңға жуық қазақ­тың басын қосып, дүбірлі той өткіз­дік. Бізбен мүдделес жастардың қа­тары күннен-күнге көбейіп келеді. Түр­кияда үкіметтік жұмыста, халық­ара­лық компанияларда, беделді ме­ке­мелерде жұмыс істейтін көп қаза­ғы­мыз бар. Қауымдастықтың ішінде Turkish Airlines әуежолы компания­сын­да қызмет ететін екі қазақ пилот, төрт мықты дәрігер бар. Оның бірі әс­керде жұмыс істейді. Бес полицей аза­матымыз бар. Президент Режеп Тайып Ердоғанның күзет қызметінде жұмыс істейтін қазақ жігіт бар. Олар­дың басын біріктіру оңай емес, бірақ бәрінің көздегені, діттегені бір мақ­сат – қазақтардың берекесін арттыру, қа­зақилығын сақтап қалу.

– Әңгімеңізге рақмет! Іске сәт!

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Фото: turkystan.kz