Біз қоғамды демократизацияландырамыз, сөз бостандығын енгіземіз, пікір плюрализмын жаңғыртамыз деп айтамыз.
Дұрыс-ақ, керек құбылыстар. Сонымен қатар, мен қазақтың (басқа ұлттың емес) ысырапшылдығына бір көңіл бөлер едім – деп ашына жазды қоғамға белгілі саясаттанушы Самат Нұртаза өзінің
әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында.
Оның жазуынша, ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ тым ысырапшыл әрі мақтанқұмарлыққа толы. Жігіт жағы да, қыз жағы да, соңғысын беріп шашылуға бейім, көптеген тойлар несиеге жасалып жатқаны да құпия емес. Дарақылық, бір-бірімен жарысу, "ел не дейді?" деген сасық кеуде, құр мақтан. Той біткеннен кейін қиналатын жастар, несие төлейтін де жастар, жоқшылыққа шыдамай ажырасатын да сол жастар. Еліміздегі ажырасу пайызы жоғары болып отырғанының бір себебі де, сол тойдағы босқа мал шашпақ сияқты.
Тойдағы тәртіп бөлек әңгіме. Әлеуметтік желіде тойда іш киіммен билеп, бір-бірімен сүйкеліп шар жарып, екі бұтына банан қыстырып оны әйеліне жегізіп деген сияқты анайы ойындарды көзіміз шалып қалады. Той мәдениеті жоқ. Бұрыңғы қазақтың тойы - мәселені талқылап, аразасдасқан жақтарды татуластыру, ортаға ой тастау еді. Бүгінгі той қиқу мен шиқу, анайылық пен дарақылық ордасына айналды – дейді С.Нұртаза.
Елімізде проблема көп. Білемін. Десе де, осы той мәселесін бір жөнге салатын кез келген сияқты. Саясат/экономика да маңызды шығар, бірақ қарапайым қазақтың көптеп зардап шегетін жері осы тойдың жөнге келмеуі, тойдың ортақ тәртібінің болмауы. Тойды ысырапшылдықтан құтқарсақ, қарапайым қазақтың қалтасын да сақтап қаламыз.
Өз ойым – деген саясаттанушының сөзіне келісеміз бе?