weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызмет кезінде үстіне кондиционер құлаған фельдшер көз жұмды

Астанада тұрғын үй кешенінде қаптама қабырғаның құлауы салдарынан ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Үлдана Мырзуан қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Қызмет кезінде үстіне кондиционер құлаған фельдшер көз жұмды

Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер құлап, қызметтік міндетін атқарып жүрген фельдшер ауыр жарақат алған. Ол 18 қарашада көз жұмды.

Үлдана 8 қарашадан бері хәл-жағдайы өте ауыр күйде жансақтау бөлімінде жатқан. Өкінішке қарай, алған жарақаттары ауыр болды.

Оқиға күні сағат шамамен 10:30-да ол әріптестеріне көмектесу үшін шақырту орнына келген. Жұбайының айтуынша, Үлдана сол жерде екі адамды құлаған жерден алып шыққан. Алайда үшінші зардап шегушіні көтермек болған сәтте ғимараттың фасадынан кондиционер үзіліп түсіп, оның басына соққан.

Үлдана Мырзуан бес жыл бойы фельдшер болып еңбек еткен. Туыстары мамандығын ауыстыруды сұрағанына қарамастан, ол қызметін жалғастырып, мамандығын сүйіспеншілікпен атқарып келген. Жақында ғана ол отбасын құрған еді.