Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қоқыстарды сұрыптау бойынша 3 өңірдің әкімдігімен жол картасын бекітілді – Экология министрлігі

Қоқыстарды сұрыптау бойынша 3 өңірдің әкімдігімен жол картасын бекітілді – Экология министрлігі

Қоқыстарды сұрыптау бойынша 3 өңірдің әкімдігімен жол картасын бекітілді – Экология министрлігі
ашық дереккөзі

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша 3 облыс әкімдігімен жол картасы бекітілген.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Акзан Ширанов айтты, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Директордың айтуынша, бүгінде елімізде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) сақталатын полигондар саны – 3005. Оның ішінде экологиялық және санитарлық нормаларға тек 635-і сай келеді.

Акзан Ширанов полигондардың заң талабына сай болуы үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ол қоқысты сұрыптап өңдеу мәселесіне де тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан заңнамасымен қалдықтарды қауіпсіз басқаруды ұйымдастыру үшін коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу және оларды қайта өңдеу үшін негіз жасалды. Мәселен жаңа Экология кодексінің шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын қалдықтарды бөлек жинауға қойылатын талаптарды әзірледі және бекітті (Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы). Сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жіберілетін экологиялық төлемдерді нысаналы пайдалану көзделген қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастыру бағытында жұмыстар атқарылды», - деді басқарма басшысы.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ведомство 3 өңірдің әкімдігімен жол картасын бекіткен.

«Министрлік Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының, Семей қаласының әкімдіктерімен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы ҚТҚ-ны бөлек жинау және сұрыптау жүйесін енгізу жөніндегі жол карталарын бекітті. Мұның аясында өңірлерге қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер, мамандандырылған техникалар, сұрыптау желілерін орнату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры.

Акзан Ширанов қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрақты түрде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қалдықтармен жұмыс істеу мәдениетін арттыру мәселесі бойынша акциялар мен іс-шаралар өткізеді. Мысалы, Қызылорда облысында Birge: TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» және «Таза Табиғат» экологиялық іс-шаралары ұйымдастырылды. Қазақстандықтар арасында қоқысты сұрыптауды әдетке айналдыру үшін барлық өңірде қайталама шикізатты жинауға арналған пункттер бар. Сондай-ақ қоқыстарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған әрі қалдықтармен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді басшы.