Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Кентау қаласын табиғи газбен қамту жұмыстары Түркістан қаласын газдандыру тәсілімен жүзеге асатын болады, деп newsroom.kz хабарлайды.
Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Жыл соңына дейін шаһарды 30 пайыз газбен қамту жоспарланған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кентау әкімі рашид Аюпов Кентаудағы өзекті мәселелері туралы баяндады.
Ауыз су және кәріз жүйесімен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері де күн тәртібінде тұр. Кентау қаласындағы ауыз су құбырының жалпы ұзындығы - 469 шақырым. Кәріз жүйесі - 100 шақырымға жуық. Мәжілісте тозығы жеткен құбырларды ауыстыру мәселесі талқыланды. Көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, яғни балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын орнату мәселесі де ортаға салынды.
Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу бойынша II кезеңнен тұратын жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қаланы су басудың алдын алу бойынша жобалаудың екінші кезеңі төрт дербес жұмыс жобасын қамтиды.
Ауқымды жоба аясында Мырғалымсай кен орнының жер асты суларының қазбаларына сүзілу және құламаудың алдын алу үшін «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасына тасқын суларды бұру үшін Хантағы өзенінде су торабы салынады. Сондай-ақ арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суы ішінара пайдаланылады. Қосымша Кентау және Түркістан қалалары аймақтарын суармалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған.
Сонымен қатар айта кетейік, ағымдағы жылы Көксарай су реттегішіне су жинау 16 наурызда басталды, 11 сәуірге дейін 822 млн.м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1086 млн. м3 аз (2021 ж. – 1907,35 млн. м3). Көксарайдан су жіберу ағымдағы жылғы 11 сәуір мен 29 мамыр аралығында жүзеге асырылды, бүгінгі күні контрреттегішке су көлемі – 24,4 млн.м3 құрайды. Шардара су қоймасына вегетацияаралық кезеңде (қазан-наурыз) ағымның төмен болуына байланысты ағымдағы жылы Көксарай су реттегішін толтыру күтілмегенін атап өткен жөн. Өткен вегетация аралық кезеңде Шардара су қоймасына ағын 8 млрд.272 млн. м3 құрады, бұл болжамды кестеден 2 млрд. 69 млн. м3 аз (10 млрд. 341 млн. м3).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 12-29 наурыз аралығында Сырдария өзені бассейнінде қатты жауын-шашын болған, соның нәтижесінде осы кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд. м3 су келіп түскен, бұл оны 5 млрд. м3 дейін толтыруға, Қызылқұм каналына су алуды 160 м3/сек дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (осы уақыт аралығында сұратуға сәйкес 9 күн), Көксарай су реттегішіне су жинауды бастау және төменгі ағысқа су жіберуді ұлғайту, бұл жаппай вегетация басталар алдында өзен арнасын толтыруға және Арал-Сырдария бассейнінің экожүйесін жақсартуға мүмкіндік берді. 27 сәуірде Түркістан қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының отырысы шеңберінде Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс режимі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңдегі ағын 3 млрд.900 млн. м3 құрауы тиіс, ол вегетациялық кезеңнен елеулі шығынсыз өтуге мүмкіндік береді.
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі