Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 шілде, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Кенемен күрес шаралары күшейтіледі

Түркістан: Кенемен күрес шаралары күшейтіледі

Түркістан: Кенемен күрес шаралары күшейтіледі
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында конго-қырым қанды безгегі секілді аса қауіпті саналатын жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар сараланды, деп newsroom.kz хабарлайды. Көктемгі кезеңде Түркістан облысында 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған. Мамандардың сараптау қорытындысы иньекциялаудың оң нәтиже бергенін анықтады. Маңызды шараның екінші кезеңі басталады. Бұл тұста үйіргелік қора-жайларды залалсыздандыруға басты назар аударылмақ. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін анықтау бойынша аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылған. Олардың жұмыстары қатаң қадағалауда болады. Сала мамандары елдегі карантин кезінде халықтың шоғырлануы тоқтап, көрсеткіш жақсарғанын айтады. Конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында орналасқан елді-мекендерді қорғау бойынша жоспарлы шаралар биыл да жалғасады. Айта кетейік, Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі