Сұлтан Қалауын ұлы әл-Ашраф Салах ад-Дин Халилге Александрия маңында қастандық жасалып, қанышер әмір Байдардың қолынан қаза табады.
Інісі Сұлтан ан-Насыр ержеткеннен кейін қыпшақтардың әмеңгерлік салтын сақтап, өзінен 18 жас үлкен марқұм ағасының жесірі Ертуған ханымға үйленіп, әл-Ашраф ағасының жетім қалған екі қызын бауырына басады. «Сұлтанның Бірінші жары, яғни «Құнт» атанған жеңгесі Ертуған ханым Сұлтан ан-Насырға ұл тауып береді. Оның есімін Имад ад-Дин Исмаил деп қояды.
«Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады» дегендей, Сұлтан ан-Насырға жаққан «Құнт» Ертуған ханым өзінің қайырымдылық істерімен елге де жағады. Ертуған ханым орта жасқа келгенде Аға Сұлтан ан-Насырға тоқал алуға рұқсат береді. Шариғат жолымен төрт әйел алған Сұлтан ан-Насырдың әл-Мансур Сейф ад-Дин Әбу Бакр, Салех Салах ад-Дин Салех, ан-Насыр Насыр ад-Дин Хасан, әл-Мұзаффар Сейф ад-Дин Қажы, әл-Камил Сейфуддин Шағбан, әл-Ашраф Аладдин Күшік, ан-Насыр Шиһаб ад-Дин Ахмед есімді жеті ұлы дүниеге келеді.
Кейін 1241-1261 жылдары Сұлтан ан-Насырдың ұлдары кезекпе-кезек 20 жыл бойы Мысыр мен Шам елінің Билеушілері болады.
Қайрат Лама Шариф,
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі