Отандық ноутбук шығаратын зауыт неге С.М.Киров атында?

Отандық ноутбук шығаратын зауыт неге С.М.Киров атында?

ашық дереккөзі

Қазақстанда ноутбук шығарылатын болды деп newsroom.kz хабарлайды.

Негізгі тұтынушылары – мектептер – жазды белгілі саясаттанушы Асқар Нұрша өзінің фейсбук парақшасында.

Ол өткен жылы шамамен 10 мыңға жуық данасы шықты. Тапсырысқа жұмыс істейді – деп жазды.

Содан соң, интернет беттерін ақтарып, отандық IT технология өнімін шығаратын зауыт туралы ақпарат іздедік. Петропавл қаласында орналасқан зауыт өзінің ресми сайтында:

«Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылы қарашада Иваново облысының Александров қаласынан зауыт адамдармен және техникамен бірге Петропавл қаласына көшірілді.

Қиын жағдайда 1942 жылдың ақпан айында зауыт майданға алғашқы өнімін берді. Соғыс жылдарында зауыт ұжымы майданды радиоқабылдағыштармен, радиобағыттауыштармен қамтамасыз етті, олар біздің әскерлер арасында үлкен сұранысқа ие және танымал.

Зауыт соғыстан кейін екінші, үшінші, төртінші буындағы өнімдерді шығаруды игеріп, халық шаруашылығы мен халықтың қажеттіліктері үшін радиоқабылдағыштар шығаруға көшті.

Бүгінгі таңда «Зауыт им. СМ. Киров» мемлекеттік мекемесі. Зауыттың шығаратын өнімдерінің ассортименті әртүрлі. КЛУБ пен РВС радиостанциясынан БУШК-2М мұнай айдау қондырғысының басқару блогына дейін» деген жазба орналастырған.

Осы орайда, 1886-1934 жылдары өмір сүрген кеңестік партия қайраткері С.М.Киров есімі Тәуелсіз Қазақстанның ноутбук шығаратын зауытында әлі қанша тұрады? Тарихқа үңілсек, Леонид Николаевтың қолынан өлген Кировтың өлімі КСРО-дағы жаппай халықты жапа шектірген репрессияға себепші болған еді...

P.S. 1934 жылы Қазақстандағы жалғыз университетке Киров есімі беріліп, 1991 жылға дейін осы атау тұрды. Еліміз Тәуелсіздігін алған соң барып, әл-Фараби атауы берілді.

P.P.S. Ноутбук шығаратын зауытқа заманауи түрде Kyzylzhar деген атау беруге не кедергі екен?

 

Қоңырақын ҚАРАБАЙ

Жүктелуде...