«Қандай басшы жағымпаз болады? Біліксіз басшы. Профессионал емес, өз саласын білмейтін адамдар. Ал өз саласының жақсы маманы орынбасар болады. Өлетінін білетін басшы осындай орынбасар ұстайды, бірақ ол орынбасарды ешқашан өсірмейді. Не өсірмейді, не өшірмейді. Еңбек демалысына да жібермей жанында ұстап жүреді», - дейді мамнан.
А.Олжай әрі қарай жағымпаздықтың экономикаға қалай теріс әсерін тигізетінін түсіндірген .
«Бірақ дәл қажетті шешім қабылдайтын сәтте жағымпаз басшы бәрін құртып жібереді. Мүмкін біреу оған ұнамай қалды, бәлкім біреу дұрыс қарамай қалған шығар. Көп инвесторларды осындай жағымпаз басшылар өзінің жемқорлығына салып, келтірмеді. Себебі жағымпаздар бірдеме дәметеді, себебі өздері де беріп үйренген. Компенсация жасау үшін осындай әрекетке барады, өмірлік принципіне айналады. Бізге келем деген мықты инвесторлар, корпорацияларды келтіргенде Сингапурға жетпесек, өндірістік әлеует жағынан Өзбекстаннан озар едік. Инвесторлар «өзім сенің еліңді дамытуға келдім, саған пара не үшін берем» деп кетіп қалады. Орындалмаған жұмыстар, салынбай қалған зауыттар, жөнделмеген жол, осының бәрінің ішінде жағымпаздық жатыр. Жағымпаздықтың ар жағында жемқорлық тұр. Екеуі бір-бірімен қатты ұштасады. Экономикада кенже қалуымыздың себебі осы. Жағымпаздық тек ара-қатынас, аралас-құраластыққа емес, экономикамызға тікелей ауыр соққы болды. Олигополия да жағымпаздықтан туды», - деді ол.
Оның сөзінше, жағымпаздықты жеңу үшін кәсібилік керек.
«Жағымпаздықты жеңудің бір-ақ жолы бар - профессионал болу. Жастар басқа жолды таңдамаса екен дейсің де. Анық, бірақ қиын жол ол білім, ғылым жолы. Өзіңнің біліктілігіңді арттыру», - деп айтты Олжай.Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде: Жемқорлық пен жағымпаздықты қалыптастырғандар әлі билікте отыр- Айбар Олжай/ Қайдағы Жаңа Қазақстан? - YouTube
Тілші БАЛА