Бұл мәселені өкінішке орай қоғамда құбыжық дүние ретінде көрсетеді. Дегенмен ешқайда жұмыс жасамайтын, ешқайда оқымайтын жастарды әлемдік тәжірибеде бөліп көрсету бар, оның негізгі мақсаты жалпы осы санаттағы жастарды түрлі пайдалы қоғамдық істерге тартып немесе оларға арнайы түрлі бағдарламалар дайындау жұмыстары жүргізіледі. Ал Қазақстанға бұл категорияның енгеніне кемінде 5-6 жыл болды. Алғаш рет осы санатқа ерекше зер салып,мәселе ретінде көтерген Дархан Қалетаев еді. Ол кісінің сол жылдары министр болып тұрған кезі еді. Сол кездегі министрліктің аты қателеспесем Қоғамдық Даму министрлігі болуы керек. Сонда Дархан Қалетаев осы мәселені көтере отырып, үкіметтің алдына шығып «Neet жастары» біздің қоғамдағы үлкен мәселе, осы мәселемен біз айналысуымыз керек .Осы санаттағы жастарды есепке алуымыз керек деп ақпараттық кеңістікке таратқан болатын » - дейді.
Дегенмен қоғамда жастар мәселесін қай кезде болмасын үнемі қауіп-қатердің көзі ретінде көрсету кең таралған. Бірақ жастар деген өте үлкен категория, оның ішінде жұмыссыз жастары бар, сондықтан да жастарды бөліп алып, қоғамның ерекше әлеуметтік тобы ретінде қарастыруға болмайды» - дейді Серік Бейсембаев.Осы тақырыпты зерттеу барысында NEET-тің мынадай 4 түрі бар деген ақпаратқа көзім түсті. Соған бір шолу жасап өтсек. NEET-тің түрлері :
- Антисоциал: жұмыс істемегенде ғана өзін жайлы сезінетіндер
- Хикимори: өзге адамдармен араласа алмайтындар
- Пассив: өзіне деген сенімі мен мотивация жоғынан жұмыс таба алмай жүргендер
- Көңлі қалған: бұрынғы жұмысынан жағымсыз әсер алған, ендігіде еңбек етпеймін деп бел буғандар
- Жапония 3,0%,
- Нидерланды 3,1%,
- Сингапур 4,5%,
- Германия 5,4%,
- Швейцария 6,0%.
- Посткеңестік елдер арасында NEET үлесі Арменияда (36,5%)
- Молдовада (27,9%)
Жұмыссыздық пен Neet жастарын ажырату өте қиындау. Себебі менің түсінігімде жұмссыздық дегенді түсіне алмаймын. Бұл менің жеке ойым. Себебі бойында қабілеті, ойы бар адам қай салада болса да жұмыс таба алады. Бірақ жұмыссыздықтың әртүрлі себептері болады. Яғни білімді, қабілетті адам болуы мүмкін, бірақ ол ауылдан кеткісі келмеуі мүмкін. Ал ауылда оның қабілетіне сай жұмыс болмауы мүмкін. Себебі ауылда интелектуалды жұмыстары жоқ. Біздің мемлекет көп жағдайда өзін нарықтық мемлекет ретінде көрсеткісі келеді, яғни өздеріңіз оқыңыздар, өздеріңіз жұмыс тауып алыңыздар деген насихат жүргізеді. Бірақ ұлттық қордың, республикалық бюджеттің біраз бөлігін әлеуметтік мәселелерге жұмсайды.Айтқым келгені мемелекет бір жақты ұстанымды болғаны дұрыс, не ол әлеуметтік мемлекет болуы керек немесе тиісінше жұмыссыз жастардың мәселесін әлеуметтік мемлекет ретінде шешуі керек. Немесе толықтай нарықтық қатынас бойынша жұмыс жасау керек, яғни өз күндеріңізді өздеріңіздер деген сияқты. Ешқандай жеңілдіктерді болдырмасын. Негізі Neet санатына жалпы адамдардың толық санатын алып қарастырған дұрыс. Оны әр адам өзі анықтағаны дұрыс. Яғни егер адам бұл ел мені адам ретінде ұмытып кеткен сияқты таныса, онда ол өзін-өзі анықтап алуы керек» - дейді.Дегенмен сұхбат барысында, зерттеу барысында бұл атаудың о бастан Жапония елінен келгенін ескере отырып, алдағы уақытта біздің қоғамға сайкестендіре отырып, әлеуметтанушылармен алдағы уақытта тереңірек зерттеу жүргіземіз. Сонымен қатар осы зерттеу жобасының толық нұсқасы аудиоподкаст форматында берілді. https://anchor.fm/-567445 Подкаст Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен және Медиа дамыту корпоративтік қорының тапсырысы бойынша "Алматы номад" саяхатшылар клубының жобасы аясында құрылды
Ерлан ШАНШАРХАН