Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 қаңтар, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әлемде ойлау қабілеті нашар адамдар саны күрт өседі

Әлемде ойлау қабілеті нашар адамдар саны күрт өседі

Әлемде ойлау қабілеті нашар адамдар саны күрт өседі
ашық дереккөзі
Newsroom.kz порталы – Сарапшылар деменция «тез өсіп келе жатқан қауіп» деп ескертеді деп хабарлайды The Guardian сайтына сілтеме жасап Деменция (лат. dementia – алжу) – адамның ой- өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы психиканың нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін психиканың терең зақымы. 2050 жылға қарай дүние жүзінде деменциямен өмір сүретін ересектер саны дерлік үш есе өсіп, 153 миллионға жетеді. Сарапшылар бұл  «денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің болашағына елеулі қауіп» екенін айтты. АҚШ зерттеушілері деменцияның бірнеше қауіп факторларына  семіздік, темекі шегу және қандағы қанттың жоғарылауы да сырқаттанушылықтың артуына ықпал етеді дейді. Дегенмен әлемдік ғылымның дамуына байланысты ғалымдар 2050 жылға қарай деменцияның жаһандық таралуы 6,2 миллионға төмендейді деп болжап отыр. Бірақ бұған семіздіктің, қандағы қанттың жоғарылауының және темекі шегуден күтілетін үрдістері қарсы тұра алмайды, керісінше қосымша 6,8 миллион деменция жағдайына әкеледі дейді. Деменция жағдайлары әр елде әртүрлі өседі, ең үлкен өсім Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста (367%) және Шығыс Сахараның оңтүстігіндегі Африкада (357%). Дүние жүзіндегі ең үлкен өсім күтілетін елдер: Катар (1926%), Біріккен Араб Әмірліктері (1795%) және Бахрейн (1084%). Зерттеуге сәйкес, ең аз болжанған өсім Азия-Тынық мұхиты аймағында (53%) және Батыс Еуропада (74%). Жапонияда әлемдегі ең аз өсім 27% болады деп күтілуде. Ұлыбританияда деменция жағдайларының саны 75%-ға жеткен. Шамамен 2019 жылы 907 мыңнан сәл асатын болса, 2050 жылы 1,6 миллионға дейін артады деген болжам бар. Ұлыбританиядағы Альцгеймер зерттеулер орталығының бас директоры Хилари Эванс: «Деменциямен күресу үшін бізге келісілген жаһандық әрекет қажет. Деменция жеке адамдарға ғана емес, бүкіл отбасына және достары мен жақындарына әсер етеді » - деді. Деменция көбінесе егде жастағы адамдарға әсер еткенімен, бұл қартаюдың сөзсіз салдары емес. Лансет комиссиясы 2020 жылы 12 деменцияға әсер ететін негізгі 12 түрлі белгілерді анықтаған. Олар: төменгі білім деңгейі, жоғары қан қысымы, есту қабілетінің бұзылуы, темекі шегу, орта жастағы семіздік, депрессия, физикалық әлсіздік, қант диабеті, әлеуметтік оқшаулау, алкогольді шамадан тыс тұтыну, бас жарақаттары және ауаның ластануы.