Сейсенбі күні таңертең Барбадос тәуелсіздігін алды. Кариб теңізіндегі Британдық ықпал тағы бір елге азайды. Барбадос ағылшын тәжіне адалдық танытып, 400 жыл бағынып келген ел еді.
Содан ба, енді Барбадос Ұлыбританиядан кетіп, Қытай ықпалына түскендей деп жазады
telegraph.co.uk сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Ұлыбританияда патшайым болғанымен, бірақ Қытайда қолма-қол ақша жағы жетерлік және соңғы жылдары Бейжің Барбадос экономикасына 500 миллион фунт стерлинг ақша құйған. Бұл оның жалпы ішкі өнімінің оннан бір бөлігін құрайды. Аталмыш елдегі жолдар, қымбат үйлер, канализация және қонақ үйлер Британдық фунт немесе АҚШ долларына емес, қытай юанінің күшімен салынған.
Жалпы алғанда, Қытай 2005 жылдан бастап, Ұлыбританияға кіретін Достастықтың 42 еліне 685 миллиард фунт стерлинг инвестиция әкелген.
Си Президенті әлемнің Қытайдың дамуына пайда әкелуі үшін, басқаша айтқанда, Қытайға тәуелді болуы үшін көбірек мүмкіндіктер жасағысы келетінін және осы мақсатта керемет жетістіктерге жеткенін анық айтты деп жазады
ағылшын басылымы.
Қытай БҰҰ мүшелерінен бұрынғы британдық колониядағы келіспеушілікті басу үшін кең өкілеттіктер беретін Гонконгтың Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңын қолдағысы келген кезде, ол 53 елден қолдау алған. Оның ішінде Достастықтың екі елі: Папуа-Жаңа Гвинея және Антигуа және Барбуда бар.
Екі ел де сосын айтарлықтай Қытай инвестициясын алды: Папуа-Жаңа Гвинея жағдайында 5,3 миллиард фунт стерлинг немесе оның ЖІӨ-нің 21 пайызын алса, Антигуа мен Барбуда 1 миллиард фунт стерлинг яғни ЖІӨ-нің 60 пайызын құрайтын ақшаны Пекиннен алыпты.
Си саясаты - шикізатты сіңіру, саяси одақтар құру және әлемдік саудада үстемдік ету үшін Қытайдың үлкен ақшалай резервтерін пайдалануға бағытталған деп қорытындылайды
телеграф басылымы.