Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Eлopдaдa жac aқындap мeн жaзушылapғa apнaлғaн куpc бacтaлды

Eлopдaдa жac aқындap мeн жaзушылapғa apнaлғaн куpc бacтaлды

Eлopдaдa жac aқындap мeн жaзушылapғa apнaлғaн куpc бacтaлды
ашық дереккөзі
Hұp-Cұлтaндa жac жaзушылap, aқындap, дpaмaтуpгтap мeн cыншылapдың бiлiктiлiгiн apттыpу үшiн oнлaйн куpc бacтaлды, дeп хaбapлaйды newsroom.kz. Ic-шapaны Мәдeниeт жәнe cпopт миниcтpлiгi ұйымдacтыpып жaтыp. Куpcтың мaқcaты қaзaқ хaлқының pухaни жәнe мәдeни мұpacын, жacтapғa жeткiзу, жac әдeбиeтшiлepдiң бiлiмiн шыңдaу, жacтapдың интeллeктуaлды әлeуeтiн apттыpып, тaлғaмын қaлыптacтыpу, әpi жac aқындap, дpaмaтуpгтap мeн cыншылapдың шығapмaшылығын нacихaттaу бoлып caнaлaды. Миниcтpлiк ұйымдacтыpып жaтқaн apнaйы куpcқa 35 жacқa тoлмaғaн жaзушылap, дpaмaтуpгтep, aқындap мeн cыншылapы қaтыca aлaды. Oнлaйн куpc 21 күнгe жocпapлapғaн. Жoбaғa aқын Heciпбeк Aйтұлы, Poзa Мұқaнoвa, aйтыcкep, aқын, Cepiкзaт Дүйceнғaзы,  пpoфeccop Жaнaт Aймұхaмбeт пeн тaғы бacқa жaзушылap мeн aқындap қaтыcaды. Aйтa кeтeйiк, жac әдeбиeтшiлepгe apнaлғaн куpc Мeмлeкeт бacшыcы Қacым-Жoмapт Тoқaeв тaпcыpмacынa cәйкec Қaзaқcтaн Тәуeлciздiгiнiң 30 жылдығынa opaй ұйымдacтыpылып жaтыp. Еске салайық, осыған дейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жас жазушылар мен ақындарға арналған республикалық байқау жарияланған еді. Байқау 5 номинациядан тұрады: проза, поэзия, драматургия, көркем фильм мен телесериал сценарийі, балаларға арналған шығарма.
Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақындар, жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатыса алады. Бір автор немесе авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды, әрі авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қатыстырылмайды.
Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқығын бұзатын туындылар жіберілмейді. Автор/авторлар тобы байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып: осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді; ұйымдастырушының байқау шығармаларын (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді; ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады. Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға қатысу үшін Проза номинациясына 25 беттен аспайтын, Поэзия номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, Драматургия номинациясына 15 беттен аспайтын, Көркем фильм мен телесериал сценарийі номинациясына 30 беттен аспайтын, «Балаларға арналған шығарма номинациясына 10 беттен аспайтын шығармалар қабылданады. Еске салайық, осыған дейін қалада жастарға арналған «Жастар жалыны» шығармашылығының байқауы ұйымдастырылған. Оған короновирусқа қарсы вакцина алған, 29 жастан аспаған жастар мен студенттер қатысты. Конкурстың мақсаты – жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, студенттердің эстетикалық және этикалық тәрбиесін жетілдіру. Өтінімдер биыл 11 қазанға дейін қабылданды. Байқау 10 номинация бойынша өткізілді: эстрада; ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу, жастар күші. Фестиваль Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылда. 18 қазанда Нұр-Сұлтанда байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар 10 бағыт бойынша  марапатталды. Олар заманауи би, ұлттық би, эстрада, музыкалық аспапта ойнау, айтыс, поэзия, сурет салу  бойынша сынға түсті. Іс-шарада   карантин талабы қатаң сақталды. Поэзия номинациясында Әли Бекмұханбетов, сурет салу  номинациясында Аруай Тасмағамбетова жеңіске жетті. Байқауға 14 университеттің студенттері қатысты. Фестивальда 10 бағыт бойынша командалық негізде көзге түскен университеттердің алғашқы  үштігі  анықталды.  Мұнда Еуразия Ұлттық университетінің студенттері топ жарды.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау алдағы жылы да ұйымдастырылады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда жас патриоттарды тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлігін отыр. Жақында «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі мен ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы қолдауымен «Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» жобасының қорытынды кеші ұйымдастырылды. Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасы биыл ақпанда жүзеге аса бастады. Жоба аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайыстар, спорттық және шығармашылық сайыстар, үш күндік әскери-патриоттық жиын және өзге де 100-ге жуық акция мен іс-шара ұйымдастырылды.
«Жастардың бойында патриоттық сезімді арттыру үшін жоба аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырдық. Бүгінде Нұр-Сұлтандағы 91 мектеп пен 37 колледжде «Жас Сарбаз» сыныптары мен клубтары құрылды. Сол сияқты 150-ге жуық әскери-патриоттық клуб пен «Жас Сарбаз» сыныптары ашылып, ондағы тәрбиеленушілер саны 7 мыңнан асып отыр. Жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында дәстүрлі түрде 3 жылде елорда әкімдігінің қолдауымен күзгі әскери-патриоттық жиындар, жеңіл атлетика марафоны, футбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар мен іс-шаралар, әскери-патриотық әндер байқауы, патриоттық фильмдер мен ерлік сабақтары және басқа да іс-шараларды жүзеге асырылды», - деді «Жас Сарбаз» қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.
Оның пікірінше, бұл негізі енді қаланған қозғалыс үшін үлкен жетістік. Іс-шара барысында жыл бойы үздік қызмет еткен мектеп директорларына алғыс хаты табысталды, әрі алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары «Жас Сарбаз» қозғалысының төрағасы атынан алғыс хатпен марапатталды. Жиын соңында жылдың үздік «Жас сарбаз» клубы анықталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сонымен елордада жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын мәселесіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта Қазақ ұлттық өнер университетінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Олег Синяковпен кездесу жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол қатысушыларға деструктивті ағымдардың белгілері және діни экстримизм мен терроризм идеологиясының қауіпті екенін атап өтті. Кездесу соңында жастарға деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіретін, Қазақстандағы зайырлылық терминін анықтау бойынша үлестірме материал, ел аумағында тыйым салынған террористік және экстримистік ұйымдардың тізімдері, қарауға ұсынылған діни сайттар бойынша ақпарат, сондай-ақ ҚР Нормативтік-құқықтық базасынан үзінділер берілді. Дәріс барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Cонымен қатар, биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланған болатын. «Дарын» жастар сыйлығы – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында беріледі. Байқау әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет», спорт», театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы атты 10 номинация бойынша өтеді. Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары мен қоғамның дамуына өз үлесін қосқан 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы «Дарын» жастар сыйлығына үміткер бола алады. «Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi. Жеңімпаздарға Қазақстан Үкіметінің қаулысымен «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ ақшалай сыйлықпен марапатталады. Еске салайық, «Дарын» жастар сыйлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылы тағайындалған еді. Осы уақытға дейін бұл сыйлықты 294 қазақстандық иеленген. Биыл бұл беделді мемлекеттік сыйлықты төмендегі жастар алды:  

Мөлдір АХМЕТОВА